конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматылық спортшылар 2026 жылдың алғашқы жартыжылд...

Алматылық спортшылар 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында 2 230 медаль жеңіп алды

Алматы 15.07.2026, 09:34 268
Алматылық спортшылар 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында 2 230 медаль жеңіп алды
Қалалық Спорт басқармасы

Бұл туралы қалалық Спорт басқармасының өкілдері айтты, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

2026 жылдың алғашқы жартыжылдығының қорытындысы бойынша алматылық спортшылар халықаралық және республикалық жарыстарда 2 230 медаль жеңіп алды.

Алматылық спортшылардың қоржынында әлем чемпионаттарының 60 медалі, Азия чемпионаттарының 105 жүлдесі және Қазақстан чемпионаттарының 2 065 медалі бар.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы сапында Алматыдан 2 544 спортшы бар. Осылайша, ұлттық құрамадағы әрбір төртінші спортшы Алматының намысын қорғайды.

Биыл алматылық спортшылар бірқатар тарихи жетістікке де қол жеткізді. Атап айтқанда, спорттық гимнастикадан Әлем кубогы кезеңдерінде, стенд атудан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан тарихындағы алғашқы алтын медальдарды жеңіп алды. Сондай-ақ, семсерлесу, шахмат, жеңіл атлетика және басқа да спорт түрлерінде жоғары нәтиже көрсетті.

Қалалық Спорт басқармасы өкілдерінің мәліметінше, бұл жетістіктерге спорт инфрақұрылымын дамыту, спортшыларды даярлау жүйесін жетілдіру және материалдық-техникалық базаны нығайту нәтижесінде қол жеткізілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#спорт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент Лихтенштейннің Тақ мұрагеріне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 11:27

Мемлекет басшысы Конго Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 11:16

Тоқаев Үндістан Премьер-министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Бүгін 11:13

Үкіметте білім беру және балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері қаралды

Бүгін 10:43

Қазақстанда бір палаталы Құрылтай жұмыс істей бастайды

Бүгін 09:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);