AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Алматылық спортшы Дамир Тоқтаров Азия ойындарында...

Алматылық спортшы Дамир Тоқтаров Азия ойындарында тарихи қола жүлде иеленді

Спорт 02.10.2026, 11:21 246
Алматылық спортшы Дамир Тоқтаров Азия ойындарында тарихи қола жүлде иеленді

Алматылық спортшы Дамир Тоқтаров Жапонияның Айти мен Нагоя қаласында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында қола жүлдеге ие болды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бұл Қазақстанның Азия ойындарындағы спорттық құзға өрмелеуден жеңіп алған алғашқы медалі. Бұл туралы Алматы қаласы Спорт басқармасының өкілдері айтты.

19 жастағы спортшы Қазақстан құрамасы сапында «жылдамдық» сыны бойынша өнер көрсетті. Іріктеу кезеңінде қашықтықты 4,76 секундта бағындырып, төртінші нәтиже көрсетті. Сонымен қатар ол Қазақстан рекордын жаңартып, жарыстың шешуші кезеңіне жолдама алды.

Финалда Дамир Тоқтаров үшінші орын алып, Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.

Айта кетейік, Дамир Тоқтаров Алматы қаласының атынан сынға түседі. Бұған дейін ол халықаралық додаларда Қазақстан намысын қорғап, жасөспірімдер арасындағы әлем және Азия чемпионаттарында жүлделі орындарға ие болған. Атап айтқанда, 2024 жылы спортшы жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Осылайша, Дамир Тоқтаров Қазақстан қоржынына Азия ойындарында спорттық құзға өрмелеуден алғашқы медаль салды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#спорт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Жетісу ауданында ұзындығы бір шақырымнан асатын аллея көркейтіліп, «Жетісу» саябағы жаңартылды

Бүгін 10:44

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қашан өтеді?

Бүгін 10:11

Сәрсенбі күнгі ауа райы мәліметі

Бүгін 09:05

Президент тапсырмасына сәйкес автожол саласын реформалау жөніндегі үкіметтік жұмыс тобы құрылды

Бүгін 08:45

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, Король Филипп және Патшайым Матильда Ректорлар форумына қатысты

Кеше 20:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);