AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматылық полицейлер есепте тұрған отбасыларды тек...

Алматылық полицейлер есепте тұрған отбасыларды тексерді 

Заң мен тəртіп 19.06.2025, 16:28 1,116
Алматылық полицейлер есепте тұрған отбасыларды тексерді 
Polisia.kz

Алматыда полиция тұрмысы нашар отбасыларды тұрғылықты жері бойынша тексеру жұмыстарын жүргізуде, - деп хабарлайды aqshamnews.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі жариялаған "Профилактика жылы" аясында "Полиция Заң мен тәртіп күзетінде" ұранымен Алматыда 16-23 маусым аралығында "Отбасы" қалалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Іс-шараның басты мақсаты – отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, сонымен қатар халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру. Полицейлер бұрын тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағаны үшін айыпталған азаматтарды, сондай-ақ тұрмысы нашар отбасыларды тұрғылықты жері бойынша тексеру жұмыстарын жүргізуде. Агрессивті отбасы мүшелеріне қатысты шығарылған қорғаныс нұсқаулығы мен арнайы талаптардың сақталуын бақылауға ерекше назар аударылуда.

- Тұрмыстық зорлық-зомбылық - жеке мәселе емес, қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндіретін мәселе. "Отбасы" ЖАІ аясында біз күн сайын бұрын жанжалдар тіркелген мекенжайларға шығып, отбасылармен сөйлесіп, заңнаманы түсіндіріп отырамыз. Біз үшін түйткілді мәселені анықтау ғана емес, қайғылы оқиғалардың алдын алу маңызды. Алдын алу – басты міндет, - деді, Түрксіб аудандық полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиев.

Баяндамашының айтуынша, шара барысында бір ғана Түрксіб ауданы бойынша 415 қорғау нұсқамасы шығарылып, әлеуетті құқық бұзушылардың іс-әрекетін шектеу бойынша 81 іске қатысты арнайы талаптар қолданылған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #полиция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17

Бір жарым жыл бойы салмақ қосып жатырмын деп ойладым: Алматыда дәрігерлер әйелге көмектесті

Бүгін 12:05

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19

Алматының Жетісу ауданында ұзындығы бір шақырымнан асатын аллея көркейтіліп, «Жетісу» саябағы жаңартылды

Бүгін 10:44

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қашан өтеді?

Бүгін 10:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);