ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматылық оқушылар "Қайрат" клубының жұлдызымен бі...

Алматылық оқушылар "Қайрат" клубының жұлдызымен бірге таңғы жаттығу жасады

Әлеумет 23.05.2025, 18:56 841
Алматылық оқушылар "Қайрат" клубының жұлдызымен бірге таңғы жаттығу жасады
aqshamnews.kz
Балаларды қорғау күніне арналған ауқымды қалалық акция аясында №6 мектеп-гимназиясында жаппай таңғы жаттығу өтті, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Балаларды қорғау күніне арналған ауқымды қалалық акция аясында №6 мектеп-гимназиясында жаппай таңғы жаттығу өтті, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. 

Ұл-қыздар сапқа тұрып, түрлі жаттығуларды белсенді орындады. Көңілді музыка балалардың қимылына серпін беріп, кіші сынып оқушылары өздерінен үлкендерге дес бермей, бар ынтасымен қатысқан. Балалардың көңілін көтерген жайт — жазғы демалыстың басталуы мен оқу жылының аяқталуы.

Оқушыларды жазғы демалыстың басталуымен және келе жатқан мерекемен мектеп мұғалімдері мен арнайы келген қонақтар құттықтады. Олардың ішінде – футзалдан Қазақстан құрамасы мен алматылық "Қайрат" командасының бұрынғы ойыншысы Серік Жаманқұлов та болды.

Спортшы балаларға тек оқуда табыс емес, сонымен қатар мықты әрі епті болып өсіп, елге лайықты азамат болуды тіледі.

"Бүгінгі таңғы жаттығу Балаларды қорғау күніне арналған республикалық акция аясында өтіп жатыр. Бұл – салауатты өмір салтын насихаттаудың бір жолы. Кіші және жоғары сынып оқушылары шараға үлкен қызығушылықпен қатысты", – деді мектеп-гимназия директоры Айдар Буитов.

Жаттығу аяқталған соң оқушылар үйге асықпай, танымал спортшыдан қолтаңба алып, естелік суретке түсті.

"Спорт — тек денсаулықтың кепілі емес, сонымен қатар тәртіпке баулитын құрал. Ең бастысы – балалардың бос уақытын пайдалы өткізуіне көмектесіп, көше әсерінен аулақ ұстайтын мүмкіндік", – деді он дүркін Қазақстан чемпионы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.