ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Білім және ғылым / Алматылық оқушылар онлайн оқиды

Алматылық оқушылар онлайн оқиды

Білім және ғылым 17.01.2022, 07:24 1,839
Алматылық оқушылар онлайн оқиды
Сурет: Almaty-akshamy.kz
Қалада қалыптасқан жағдайға байланысты 71 мыңнан астам баланы қамтыған 860 мектепке дейінгі ұйым (190 мемлекеттік және 670 жеке меншік) 5 қаңтардан бастап өз жұмысын уақытша тоқтатты.

Қалада қалыптасқан жағдайға байланысты 71 мыңнан астам баланы қамтыған 860 мектепке дейінгі ұйым (190 мемлекеттік және 670 жеке меншік) 5 қаңтардан бастап өз жұмысын уақытша тоқтатты.


Алматы қаласы білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева Алматы қаласының тыныс-тіршілігін қалпына келтіру жөніндегі қалалық штаб отырысы барысында білім беру ұйымдарындағы оқу процесіне дайындық туралы баяндады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Білім басқармасы басшысының айтуынша, ТЖ режимі аяқталғаннан кейін 20 қаңтардан бастап балабақшалардың жұмысын қайта бастау жоспарлануда. Бұл ретте қаладағы эпидемиологиялық жағдай міндетті түрде ескерілетін болады, сондықтан балабақшалар кезекші топтар режимінде жұмыс істеуі мүмкін. Мектепке дейінгі мекемелердің жұмыс тәртібі туралы ата-аналар мен қызметкерлер арасында түсіндіру жұмыстары қосымша ұйымдастырылатын болады.



«Бүгінде төтенше жағдай кезінде мектепке дейінгі мекемелерді қаржыландыру мәселесі ашық күйінде қалып отыр, атап айтқанда, 30 640 орындық 519 жекеменшік балабақшада, сондай-ақ 173 мемлекеттік балабақшада орналасқан мемлекеттік тапсырыс туралы сөз болып отыр», - деп атап өтті Жылқыбаева.



Білім басқармасының басшысы мектептердегі қысқы демалыс 17 қаңтарға дейін, колледждерде 24 қаңтарға дейін ұзартылғанын еске салды. Қалада эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты 17 қаңтарда оқушылар қашықтық форматта сабақтарға кірісті.



«Бізде қашықтан оқыту форматында жұмыс тәжірибесі бар, мұғалімдер өткен жылы цифрлық сауаттылықты арттыру курстарынан өтті. Оқу процесін ұйымдастыру үшін барлық жағдай жасалған, ата - аналар компьютерлерге немесе ноутбуктерге, интернетке қосылу қажеттілігі туындаған жағдайда мектеп директорына немесе аудандық білім бөлімдеріне жүгіне алады, онда оларға осы мәселелерді шешуге көмектеседі», - деді Ләззат Жылқыбаева.



24 қаңтардан бастап 83 колледждің 73 мыңнан астам алматылық студенті сабаққа кіріседі, олар үшін оқытудың аралас форматы көзделген: дәрістік сабақтар онлайн-режимде өткізіледі, ал практикалық сабақтар санитариялық талаптарды сақтай отырып, икемді кесте бойынша офлайн ұйымдастырылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.