AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматылық медицина ұйымдарына 265 млн теңге айыппұ...

Алматылық медицина ұйымдарына 265 млн теңге айыппұл салынды 

Әлеумет 25.05.2023, 09:16 1,120
Алматылық медицина ұйымдарына 265 млн теңге айыппұл салынды 
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Биылғы жылдың бірінші тоқсанында Алматы тұрғындарына көрсетілген медициналық көмек сапасын бақылау барысында 58 мың қызметтің түрлі кемшіліктермен көрсетілгені анықталды6 деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Нәтижесінде қаладағы емдеу мекемелеріне 265 млн теңге айыппұл салынды. Бұл туралы бүгін «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы филиалы директорының орынбасары Жанар Кенжебаева хабарлады.  


Айтуынша, кемшіліктің басым бөлігі бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін емханалардан анықталып отыр. Олар 57 мыңнан астам қызметті кемшіліктермен көрсеткені үшін 150 млн теңге көлемінде айыппұл арқалады.
Сонымен қатар, ақаумен көрсетілген 680 қызмет – стационарлар мен стационарды алмастыратын көмек ұйымдарына тиесілі.  Аталған кемшіліктер үшін 100 млн теңге айыппұл салынған.  



«Мониторинг барысында анықталған кемшіліктердің дені емдеу-диагностика барысында белгіленген стандарттардан ауытқу, медициналық құжаттарды дұрыс толтырмау, қызмет бағасын негізсіз өсіру сынды олқылықтарға келіп саяды. Сонымен қатар, «көрсетілді» деп жазылған белгілі бір қызмет түрлерінің шын мәнінде көрсетілгенін растай алмаған клиникалар да бар», – деді Жанар Кенжебаева.



Бұған дейін хабарланғандай, МСҚ көрсетілген қызмет сапасына тұрақты бақылау жүргізіп отырады. Бүгінде дәрігер көмегіне жүгінбеген адамды «қабылдауда болды» деп жазу мәселесі жұртшылық арасында өзекті мәселеге айналғаны белгілі. Биылғы қаңтар-наурыз айлары аралығында филиал мамандары азаматтардан түскен арыз-шағымдар нәтижесінде осындай 50 фактіні анықтап, емхана-амбулатория деңгейінде жүргізілген мониторинг барысында медицина ұйымдарына 1,5 млн теңге айыппұл салды. Қайтарып алынған қаражат медициналық көмектің өзге түрлеріне жұмсалады, деді филиал басшысының орынбасары.


Естеріңізге сала кетсек, оңтүстік астанада 226 медицина ұйымы тегін медициналық көмек және МӘМС пакеттері шеңберінде қызмет көрсетеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Тұрғындар #медицина
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);