ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Медицина / Алматылық клиникалар 5,8 млрд теңгеге оңалту көме...

Алматылық клиникалар 5,8 млрд теңгеге оңалту көмегін көрсетті

Медицина 08.12.2022, 06:41 1,772
Алматылық клиникалар 5,8 млрд теңгеге оңалту  көмегін көрсетті
medatlet.ru
Биылғы жылдың 10 айында оңтүстік астанада міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен 700 мыңға жуық медициналық оңалту қызметі көрсетілді. Оған Медициналық сақтандыру қоры тарапынан 5,8...

Биылғы жылдың 10 айында оңтүстік астанада міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен 700 мыңға жуық медициналық оңалту қызметі көрсетілді. Оған Медициналық сақтандыру қоры тарапынан 5,8 млрд теңге төленді. Бұл туралы бүгінгі брифингте МСҚ Алматы филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев айтты, деп  хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


Айтуынша, медициналық сақтандыру оңалту мен пациенттердің денсаулығын қалпына келтіруге бағытталған ем-шаралардың қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік беріп отыр.



«МӘМС енгізілгелі бері медициналық реабилитацияға бөлінетін қаржы көлемі 13 есе артты. Салыстырар болсақ, 2019 жылы оңалту қызметіне бар-жоғы 600 млн теңге жұмсалған болса, 2022 жылы реабилитациялық қызметтерге 7,5 млрд теңге қарастырылған», - деді Тілеухан Әбілдаев.



Қазіргі таңда денсаулығында туабітті ақауы бар, инсульт немесе инфаркт салдарынан мидағы қан айналымы бұзылған, омыртқасына, буындарына немесе кардиохирургиялық ота жасатқан, қимыл-қозғалыс аппараты зақымданған пациенттер медициналық оңалтудан өте алады. МӘМС арқылы көрсетілетін емнің бұл түрі емханалар мен ауруханаларда ғана емес, жеке меншік клиникаларда, реабилитациялық және спорттық-оңалту кешендері мен санаторийлерде де көрсетіледі.



«Қор барлық профильдер, соның ішінде оңалту қызметі бойынша жаңа клиникаларды жұмысқа тартумен тұрақты түрде айналысады. Бұл емдеу мекемелеріндегі кезекті азайтып, пациенттердің медициналық көмекті пайдалану құқығын қамтамасыз етуге көмектеседі. Биыл Алматы қаласында 75 медицина ұйымы реабилитация профилі бойынша қызмет көрсетіп жатыр. Олардың бәрі Қормен келесімшарт бекіткен», - деді Тілеухан Әбілдаев.



Бір айта кетерлігі, пациент реабилитациядан өтетін клиниканы өз бетінше таңдай алады. Олардың нақты тізімімен Қордың fms.kz сайты арқылы танысуға болады. Жолдама аурухананың немесе емхананың мультидисциплинарлық командасының қорытындысы негізінде беріледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,277 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,180 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.