AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Алматылық жігіт Лос-Анджелесте джиу-джитсу залын а...

Алматылық жігіт Лос-Анджелесте джиу-джитсу залын ашты

Спорт 17.10.2021, 14:05 1,505 Almaty-akshamy
Алматылық жігіт Лос-Анджелесте джиу-джитсу залын ашты
Cурет: EXK

Кейіпкеріміз бұл салада он жылдай уақыт жұмыс істеп келеді


Марат Кенжеболатов бір жарым жыл бұрын АҚШ-қа қоныс аударып, джиу-джитсу өнерін дамытуға бел байлаған. Қазір оның бизнесі жақсы дамып жатыр, үйірмеге келетін балалар үш тілде сөйлейді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Express Qazaqstan-ға сілтеме жасап.


Америкалықтардың көпшілігі Мараттың қай жақтан көшіп келгенін әлі де болса ажырата бермейді. Марат — Еуропа мен Америка чемпионаттарында қола жүлде алған спортшы. Express Qazaqstan тілшісімен әңгімелескен ол хоббиі үшін әлемдік брендтермен байланыс орнатудан неге бас тартқанын айтып берді. Қазір ол Лос-Анджелесте тұрып жатыр.



Еуропада өмір сүру қиын. Ал, мына жерге бейімделу оңайырақ. Америкалықтар өзгенің өміріне көп араласа бермейді. Бұл эмирганттар елі, бұл жерде сен қайдан және не үшін келгенің ешкімге қызық емес, десе, америкалықтардың көбі Головкинді еске алады,- дейді Марат Кенжеболатов.



Джи-джитсу төбелес өнерінің барлық чемпионаттары Америкада өтеді. Алайда, біздің спортшылардың көбі мұнда келе алмайды. Ал, мен болсам бұл спорт түрін дамытқым келеді. Сондықтан, бұл брендті Қазақстаннан Штатқа қарай ауыстыра алдым деп ойлаймын,-дейді Марат.


Кейіпкеріміз бұл салада он жылдай уақыт жұмыс істеп келеді. Ол қарапайым бір секцияны Қазақстандағы үлкен бір спорт саласына айналдыра алды.


Алматыдағы шағын клубы Checkmat академиясына айналып, оған келген спортшылар қара белбеуге дейін өсе алатын жағдайға жетті.



Мен жаттықтырушылыққа 2012 жылы келдім. 5-6 жылдан кейін жаттыққысы келетіндердің саны артып, зал толып кетті. Қауымдастық турнирлерге көп қаржы құя бастады, -дейді әңгімесін жалғастырған ол.



Бұл аралықта Марат British American Tobacco, Schwarzkopf & Henkel сияқты әлемдік ірі брендтердің Қазақстандағы өкілдіктерімен жұмыс істейтін. Алайда, уақыт өте оның хобби жақсы табыс көзіне айналып, ол спортты дамытуға бұрынғыдан да көп шабыттана бастаған. Әріптестері спортты Қазақстанда ғана дамытып қоймай, шетел ауыстыруға болатынын айтқан.



Осылайша, біздің клуб өнер көрсететін Checkmat академиясының басшылығы Америкада осындай желі ашуды ұсынды. Бұл идея маған ұнады. Тәжірибем де жақсы болған соң, әрі шетелдік брендтермен жұмыс істеп жүріп, ағылшынша сөйлеп үйренген соң, келістім,-дейді Марат



Дегенмен, үнемі екі істі қатар алып жүретін Марат Америкаға келіп те жылжымайтын мүлік саласында қосымша жұмыс істеген.
Шетелге көшейік дегенде Маратты отбасы қолдап, тіпті, оның өз балалары да джиу-джитсу үйірмесіне қатыса бастаған. Қазір Мараттың балалары қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде еркін сөйлейді.



Отбасым АҚШ-қа қатты қызықты. Жаңа орын, жаңа эмоциялар. Өмірге деген жаңаша көзқарас. Мұндай өзгерістер адамның дүниетанымын кеңейтіп, өмірге деген көзқарасын өзгертеді, - дейді жеке пікірін білдірген Марат.



Сөз соңында отандасымыз елге қайта оралуы да мүмкін екендігін жеткізді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#спорт #джиу-джитсу #Америка
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57

Қазақстандық ғалым әлемдік стоматологияға жаңа көзқарас ұсынуда

Бүгін 17:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);