AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматылық желтоқсаншы қыздар жастарды бейбіт өмірд...

Алматылық желтоқсаншы қыздар жастарды бейбіт өмірдің қадірін білуге шақырды

Барлығы 15.12.2025, 09:28 1,052
Алматылық желтоқсаншы қыздар жастарды бейбіт өмірдің қадірін білуге шақырды
сурет: автордан

Алматының Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығында «Тәңір сыйы – Тәуелсіздік» тақырыбында кездесу өтті.

«Дөңгелек үстел» басындағы әңгімеге желтоқсаншы қаракөздер – Несіпкүл Еңсебаева, Ақкүміс Ықыласова және Бағила Ағманова шақырылған болатын. Олар жастар алдында 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының мән-мағынасы туралы, сол кезеңдегі қазақ жастарының патриоттық сезімі, ұлттық намысы, ерік-жігері қандай болғандығы хақында әңгіме өрбітті. Омыдан 39 жыл бұрынғы Желтоқсан қозғалысының тарихи сабағы мен ел болашағына әсері жөнінде тарқатты. Жастар өз кезегінде меймандарға сауалдарын қойып, өзара пікір алмасты.

Бұл кездесудің бүгінгі ұрпақтың елге, жерге деген сүйіспеншілігін оятуға ықпал еткені сөзсіз. 

«Мен де желтоқсанның ызғарлы күні алаңға барған қыздардың бірімін. «Қазақтарды жаппай ұрып-соғып жатыр екен» деген хабарды естігенде жүрегім кеудеме сыймай атқақтап кетті. Мен де олардың жанында болуым керек қой деп алаңға шығып кеттім. Замандастарымның сол күнгі толқуын, әрбір жастың жанарындағы от-жалынды, әсіресе қазақ қыздарының қайсарлығын сөзбен суреттеп жеткізу мүмкін емес. Суыққа да, күштік құрылымның таяғына да қарамай, елім, жерім, тілім деп рухтана түскен жастардың бейнесі әлі күнге көз алдымда. Алаңға шыққандардың талайы қудаланды, денсаулығынан да айырылғаны да аз емес. Тәуелсіздік бізге осылай жеткен. Егемен елдің ертеңі – өздеріңе аманат!», – деді  желтоқсаншы Бағила Байбаққызы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#желтоқсан #Желтоқсан қаһармандары
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17

Бір жарым жыл бойы салмақ қосып жатырмын деп ойладым: Алматыда дәрігерлер әйелге көмектесті

Бүгін 12:05

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);