AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялы...

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Барлығы 17.02.2026, 17:23 311 dulatbekova
Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы қаласында жалпыұлттық коалиция мүшелерінің “Беккер и К” компаниясының қызметкерлерімен кездесуі өтті, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Іс-шара барысында қатысушылар елдегі конституциялық реформанының маңызын түсіндіріп, қызметкердердің сұрақтарына жауап берді. Жиынға спикер ретінде:Сабен Тынышқали - AMANAT партиясының Бостандық аудандық филиалының төрағасы; Ахатов Уалихан - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті өкілі; Карибжанова Роза - қоғам қайраткері қатысты.

Ахатов Уалихан, жаңа Конституция жобасының маңызына тоқталып, ұсынылып отырған өзгерістердің елдің саяси жүйесін жаңғыртуға бағытталғанын атап өтті.

-“ Бұл бастама соңғы бір-екі айдың немесе қысқа мерзімнің жұмысы емес. Конституциялық реформаны әзірлеу процесі ұзақ уақыттан бері жүргізіліп келеді. Осы уақыт ішінде еліміздің түрлі өңірлерінде талқылаулар өтіп, электронды платформалар арқылы азаматтардан мыңдаған ұсыныстары түсті. Бұл реформаның басты ерекшелігі – халықтың тікелей қатысуы.  Сонымен қатар, құрылымдық өзгерістер қарастырылып отыр. Атап айтқанда, екі палаталы жүйеден бір палаталы парламентке көшу ұсынылуда. Жаңа палата 145 депутаттан тұрады. Бұл - заң шығару процесін оңтайландырып, халықтың үнін тікелей жеткізуге мүмкіндік береді. Конституция – мемлекеттің негізгі құжаты. Біз осы құжатпен өмір сүреміз, елдегі ішкі және сыртқы саясаттың барлығы соған негізделеді. Сондықтан оған ерекше жауапкершілікпен қарау қажет, – деді.

Қорытындылай келе, кездесу барысында жаңа Конституция жобасының ел дамуы үшін маңызы кеңінен түсіндіріліп, қатысушылар ұсынылып отырған реформаларды қолдайтындарын білдірді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#конституциялық реформа #қолдау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22

Халықаралық рейтингте Қазақстан биыл көшуге ең қолайлы ТМД елі деп танылды

Бүгін 08:58

10 маусымда ауа райы қандай болады?

Бүгін 08:35

Алматының Орталық саябағы бес күн бойы жас таланттар өнерінің мерекесіне айналды

Кеше 17:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);