AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматылық хирург Жетісу облысының балаларына тегін...

Алматылық хирург Жетісу облысының балаларына тегін ота жасады

Медицина 05.07.2022, 05:41 1,999
Алматылық хирург Жетісу облысының балаларына тегін ота жасады
Сурет:Pacient.club

Күрделі оталарды жасай отырып, профессор жергілікті дәрігерлермен көп жылдық тәжірибесімен бөлісті. 


Медицина ғылымдарының докторы, 38 жылдық тәжірибесі бар Нұрлан Арын балаларға күрделі операцияларды тегін жүргізу үшін Талдықорған қаласына келді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Baq.kz сілтеме жасап.


Балалар ауруханасында ол «өкпе және бауыр эхинококкозы, колостома, тоқ ішек анастомозы»диагнозымен жатқан 7 жастан 16 жасқа дейінгі балаларға сәтті ота жасады.



«Құрметті жерлестер, жетісулықтар! Мен өз жерімде болғаныма өте қуаныштымын. Мұнда бірінші рет және соңғы рет операция жасауға келіп тұрғаным жоқ. Осы жылдың Балалар жылы ретінде жарияланғанын ескере отырып, біз балаларға қайырымдылық операцияларын жүргізуді ұйғардық. Бәрі сәтті өтеді деп сенемін. Біздің балаларымыз ауырмасын, дені сау болсын», - деді Нұрлан Арын.



Ұйымдастырушылардың мәліметінше, Балалар жылы аясында Жетісу облысының балаларына консультативтік-диагностикалық және хирургиялық медициналық көмек көрсетіледі.


Естеріңізге сала кетейік, профессор Нұрлан Арынов «Туған елге тағзым» аясында облыстың медициналық мекемелерінде шеберлік сабағын өткізеді. Осы уақытқа дейін Нұрлан Мұхтарұлы 25 мыңнан астам операция жасаған. Оның ішінде 1,5 мыңнан астамы - қайырымдылық операциялары. Дәрігер - сонымен қатар 300 ғылыми мақала мен 7 монографияның авторы.


Айта кету керек, балалардың ота алдындағы дайындығы бір апта бұрын басталды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #профессор #ота #бала
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» таңдалады

Бүгін 16:23

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);