AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматылық дәрігерлер науқасқа ауыр ота жасады

Алматылық дәрігерлер науқасқа ауыр ота жасады

Барлығы 24.11.2025, 17:57 511 Сұлу
Алматылық дәрігерлер науқасқа ауыр ота жасады
Алматы әкімдігі

Алматы қалалық кардиологиялық орталығында алғаш рет жүрек трансплантациясы жүргізілді. 34 жастағы терминалдық жүрек жеткіліксіздігі бар ер адамға донор жүрегі сәтті жасалды, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. 

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Алматы қаласының қалалық кардиологиялық орталығында алғаш рет жүректі трансплантаттау жүргізілді. Пациент – терминалдық созылмалы жүрек жеткіліксіздігі диагнозы қойылған 34 жастағы ер адам реципиент болды. Ауруының үдеуімен байланысты оған жүректі ауыстырып қондыру қажет болды және ол республикалық жүректі трансплантаттаудың күту парағына енгізілген болатын.

Донор – артериялық гипертензияның ауыр түрімен ауырып, инсульт алған 50 жастағы әйел. Ол Алматы қаласының Орталық қалалық клиникалық ауруханасына шұғыл жеткізілді.

Кейін дәрігерлер консилиумы оның ми өлімін анықтап, өлімнен кейін донор болу мүмкіндігін растады. Туыстары келісім берген соң, донорлық үдеріс ұйымдастырылды.

Барлық кезеңдердің үйлестіруі мен ұйымдастырылуын ҚР ДСМ Республикалық трансплантаттау және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру орталығы қамтамасыз етті.

Жүректі трансплантаттау бойынша операция бес сағаттан астам уақытқа созылып, сәтті аяқталды. Жүректі трансплантаттауды ҚКО директоры Ермағамбет Қуатбаев пен КФ UMC КҚ басқарма төрағасы, профессор Ю.В. Пяның басқаруымен Алматы қалалық кардиологиялық орталық пен UMC КҚ (Астана) мультидисциплинарлық командасы орындады. University Medical Center (UMC) корпоративтік қорының командасы ақпарат алған бойда Алматыға әріптестерін қолдау үшін дереу ұшып келді.

Осы айда Алматы қаласының қалалық кардиологиялық орталығы жүректі трансплантаттауды жүргізуге уәкілетті медициналық ұйымдардың тізбесіне ресми түрде енгізілгенін ескере кетейік.

Юрий Владимирович Пя бұл маңызды оқиғамен орталықтың ұжымын құттықтап, оның Алматыдағы кардиохирургияның дамуы үшін маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ ол донордың туған-туыстарына шынайы көңіл айтып, қабылдаған шешімдері үшін алғыс білдірді. Бұл шешім басқа адамдардың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік берді.

"Трансплантология бағдарламасына қатысу бізге пациенттеріміздің өмір сапасы мен ұзақтығын жақсартуға қажетті операцияларды жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл бағыт – медицинаның дамуының да, қоғамның ағзаны трансплантаттауға мұқтаж жандарға көмектесуге дайындығының да көрсеткіші", – деді Ермағамбет Қуатбаев.

Бұл – биыл Алматы қаласының Орталық қалалық клиникалық ауруханасының базасында тіркелген төртінші мультиағзалық донор.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #ота
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);