Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматылық дәрігерлер жаңа туған сәбиден 1 келі туа...

Алматылық дәрігерлер жаңа туған сәбиден 1 келі туабіткен ісікті алып тастады

Әлеумет 24.10.2024, 10:06 1,469
Алматылық дәрігерлер жаңа туған сәбиден 1 келі туабіткен ісікті алып тастады
aqshamnews.kz

Салмағы 4 кг сәби құйымшақ түбінде үлкен ісікпен дүниеге келді. Бұл патология қатерсіз болғанымен, өмірдің алғашқы айларында қатерлі ісікке айналу қаупі бар.

Сәби туғаннан кейін бірден перзентханадан Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығына, жаңа туған нәрестелердің жансақтау бөліміне ауыстырылды. Отаға толық дайындық жасалып, өмірінің екінші күнінде неонатальды хирургтар ісікті алып тастады.

«Бала ауруханаға үлкен қатерсіз ісік — сегізкөз-құйымшақ аймағының тератомасымен түсті. Ісік сүйек, жұмсақ тін және кистозды қуыстан құралған. Ота сәтті өтті, және әдетте пластикалық хирургияда қиындықтар туындайтын болса да, бұл жолы бәрі ойдағыдай болды. Біз пластикалық отаны сәбиге болашақта ешқандай ыңғайсыздық тудырмайтындай етіп жасадық. Бала аман-есен үйіне шығарылды», — дейді Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының хирургі Жалғас Құниязов.

Ота 75 минутқа созылды. Хирург және реаниматолог мамандардың тынымсыз еңбегінің арқасында бала салмағы 1 кг болатын үлкен сүйек-кистозды ісіктен құтылды.

«Сегізкөз-құйымшақ тератомасы — неонаталды кезеңде жиі кездесетін ісік. Ол құрсақта қалыптасып, нәрестемен бірге өседі, кейде ұрықтың дамуы үшін маңызды дәрумендерді алып қояды. Біздің жағдайда ісік 14*20 см көлемге дейін өсті. Тератома толығымен алынды, баланың жағдайы қанағаттанарлық, үйіне шығарылды. Біздің орталық айына 100-ге жуық жаңа туған нәрестеге ота жасайды. Туа біткен ақаулардың себептеріне экология, климат, тұқым қуалаушылық және жұқпалы аурулар әсер етеді. Сонымен қатар, біз туа біткен ақаулардың басты себептерінің бірі әйелдің жүктілік кезінде жұқтырған вирустық инфекциясы екенін анықтадық», — деп түсіндірді бөлім меңгерушісі Саматбек Мырзахмет.

Алматыдағы Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының іріңді-торакалды хирургия және неонаталдық хирургия бөлімшесі 30 төсек-орынға есептелген. Бұл орталыққа еліміздің барлық аймағынан ата-аналар балаларын емдетуге әкеледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #бала #ота
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Бүгін 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Бүгін 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Бүгін 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Бүгін 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Бүгін 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.