AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматылық дәрігерлер италиялық туристі аман алып қ...

Алматылық дәрігерлер италиялық туристі аман алып қалды

Алматы 16.05.2026, 11:06 212 Сұлу
Алматылық дәрігерлер италиялық туристі аман алып қалды
Видео кадры

Қазақстанға турист ретінде келген Италия азаматы Алматы қалалық Орталық клиникалық ауруханасының дәрігерлеріне шынайы алғысын білдірді. Дәрігерлер оған шұғыл әрі күрделі ота жасап, өмірін сақтап қалды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Пациенттің айтуынша, ол Қазақстанға келіп, елдің мәдениетімен, халқымен танысуды көптен армандаған. Алайда Алматыға келгеннен кейін үш күн өткен соң оның жағдайы күрт нашарлап, іші қатты ауырып, жедел түрде ауруханаға жеткізілген.

Тексеру барысында дәрігерлер контрастпен компьютерлік томография жасап, аса қауіпті диагноз — қолқаның инфрареналдық бөлігіндегі аневризманың жарылуын анықтады. Мұндай патология шұғыл хирургиялық көмексіз адам өміріне тікелей қауіп төндіреді, себебі ол ішкі қан кетумен қатар жүреді.

Пациентті профессор Серік Тұрсынбаев пен хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Рахман Сапарбаев қарап шықты. Дәрігерлер шұғыл ота жасау туралы шешім қабылдады.

Ота шамамен төрт сағатқа созылды. Ота барысында дәрігерлер аневризманың жарылғанын растады және пациентке жасанды қантамырлық протез орнатты. Мұндай оталар тамыр хирургиясындағы ең күрделі оталардың бірі болып саналады және жоғары дәлдікті, жедел шешім қабылдауды әрі медициналық команданың үйлесімді жұмысын талап етеді.

Қазір науқастың жағдайы тұрақты деп бағалануда. Ол әрі қарай амбулаториялық ем қабылдауға дайындалуда.

Пациент қазақстандық дәрігерлерге ерекше алғысын білдірді.

«Мен өмірімді сақтап қалған дәрігерлерге, сондай-ақ Қазақстан бойынша күн сайын адам өмірін арашалап жүрген барлық медицина қызметкерлеріне зор алғысымды білдіремін. Кәсібиліктеріңіз, көмектеріңіз бен адамгершіліктеріңіз үшін рақмет», — деді турист.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #дәрігерлер #денсаулық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22

Халықаралық рейтингте Қазақстан биыл көшуге ең қолайлы ТМД елі деп танылды

Бүгін 08:58

10 маусымда ауа райы қандай болады?

Бүгін 08:35

Алматының Орталық саябағы бес күн бойы жас таланттар өнерінің мерекесіне айналды

Кеше 17:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);