ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Медицина / Алматылық дәрігерлер адам омыртқасына бірегей ота...

Алматылық дәрігерлер адам омыртқасына бірегей ота жасады

Медицина 22.11.2022, 10:17 1,415
Алматылық дәрігерлер адам омыртқасына бірегей ота жасады
Сурет: Medcentr.biz
Үш сағатқа созылған ота сәтті аяқталды.

Үш сағатқа созылған ота сәтті аяқталды.


Алматыда Орталық қалалық клиникалық аурухананың дәрігерлері 37 жастағы емделушінің омыртқасындағы жарықты алып тастады. Жоғары технологиялық ота міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде жасалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Марат Алматовтың айтуынша, науқастың бел омыртқадағы остеохандроз бен жарықтың зардабын тартқанына бірнеше жылдың жүзі болған. Сондай-ақ бұлшық еттері семіп, сол аяғын баса алмай қалған.


Дәрігерлер ақылдаса келе емнің мейлінше жеңіл әрі ең тиімді әдісі - шағын инвазивті тәсілін таңдаған. Бұл әдіс кеуде-бел омыртқа тұсында қысылып тұрған жұлын құрылымын толық қалпына келтіруге мүмкіндік береді.



«Операция жұмсақ тіндерді кеспей, тубустық кеңейткіш арқылы жасалды. Мұндай хирургиялық операция біздің стационарда тұңғыш рет болды. Винттер тері арқылы енгізілді. Операция барысында омыртқа арасына жасанды диск орнатылды. Үш сағатқа созылған ота сәтті аяқталды», - деді Марат Алматов.



Жаңа технологиялардың көмегімен жасалатын заманауи емдеу әдісі арқылы операция уақытын қысқартып, жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады.


Сонымен қатар, емделуші отадан кейін көп ұзамай аяққа тұрып кетуі тиіс.


Қазіргі уақытта емделуші ауруханадан шығуға дайындық үстінде.



«Кейінгі кезде өз аяғыммен жүруден күдер үзе бастаған едім. Мүгедек арбаға таңылдым. Қазір өзім жүріп-тұрамын. Айығып келе жатырмын, ауырсыну сезімінен арылдым. Нейрохирургия бөлімшесінің дәрігерлері мен медбикелеріне алғыстан басқа айтарым жоқ», - деді емделуші.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,277 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,180 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.