AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Алматылық боксшылар Қазақстан қоржынына екі алтын...

Алматылық боксшылар Қазақстан қоржынына екі алтын және бір қола медаль салды

Спорт 27.04.2026, 14:26 219 yakiya
Алматылық боксшылар Қазақстан қоржынына екі алтын және бір қола медаль салды

Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында World Boxing ұйымының қолдауымен өткен бокстан Әлем кубогының алғашқы кезеңі мәресіне жетті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 7 медаль (3 алтын, 1 күміс және 3 қола) олжалады.

Турнирдің басты қаһармандарының бірі алматылық спортшы Виктория Графеева 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ жарды. Финалда ол Бразилияның қазіргі әлем чемпионын тізе бүктіріп, жоғары деңгейдегі дайындық пен тактикалық басымдық көрсетті.

Қазақстан құрамасына тағы бір алтын медальді Сұлтанбек Айбарұлы (85 кг) салды. Финалда ол Бразилия өкілі Кауэ Белиниден басым түсіп, кездесуді толық бақылауда ұстады. Төрешілер шешімімен жеңіс 4:1 есебімен қазақстандық боксшыға берілді.

Алматылық Алуа Балқыбекова (51 кг) турнирді қола жүлдемен аяқтады. Ол жартылай финалда Қытай спортшысымен тартысты айқас өткізіп, 2:3 есебімен жол берді.

Осылайша, алматылық спортшылар ұлттық құраманың жалпы жетістігіне зор үлес қосып, халықаралық додада отандық бокс мектебінің жоғары деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Айта кетейік, Әлем кубогының келесі кезеңі маусым айында Қытайда өтсе, ал серияның қорытынды жарыстары Ташкентте ұйымдастырылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#бокс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22

Халықаралық рейтингте Қазақстан биыл көшуге ең қолайлы ТМД елі деп танылды

Бүгін 08:58

10 маусымда ауа райы қандай болады?

Бүгін 08:35

Алматының Орталық саябағы бес күн бойы жас таланттар өнерінің мерекесіне айналды

Кеше 17:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);