Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматылық бизнес делегация Екатеринбургте өткен ең...

Алматылық бизнес делегация Екатеринбургте өткен ең ірі көрмеге қатысты

Әлеумет 19.07.2023, 11:40 783
Алматылық бизнес делегация Екатеринбургте өткен ең ірі көрмеге  қатысты
Сурет: Almaty-akshamy.kz

10-13 шілдеде Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі М.Қарабаев бастаған қазақстандық бизнес делегациясы Екатеринбургте (Ресей) өткен «Тұрақты өндіріс. Жаңару стратегиясы» «Иннопром – 2023» өнеркәсіптік көрмесінің негізгі стратегиялық сессиясына қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


 Биылғы жылы ең ірі халықаралық көрмеге 35 мемлекет қатысты. Шараның серіктес елі Беларусь Республикасы болды.  Дәстүрлі халықаралық өнеркәсіп көрмесінің аясында «Ресей – Қазақстан өнеркәсіп кооперациясы» тақырыбына арналған панельді сессиясында сөз алған Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің басшысы өнеркәсіптік әріптестікті дамытудың тиімді алаңына айналған Иннопром көрмесінің маңыздылығын атап өтті.



«Ресей – Қазақстан» бірлескен жобаларын жүзеге асыруға бағытталған серіктестікті кеңейту аясында Алматының «Алматы Бизнес Даму Компаниясы» кәсіпкерлікті дамыту компаниясының басшылығы 30-дан астам ресейлік компаниялармен келіссөздер жүргізіп, өндірістік кооперация құру мәселелерін талқылады. «Алатау» АТП арнайы экономикалық аймағы мен Алматы қаласының индустриалды аймағының аумағында жаңа өндіріс орындарын негізге ала отырып, өндірістік кооперацияны құру мәселелері көтерілді. Қазақстан Орта Урал үшін маңызды сыртқы сауда серіктестерінің бірі болып табылады, тауар айналымы бойынша республикамыз Қытайдан кейін екінші орында тұр. Урал өлкесіндегі ИННОПРОМ-ға қатысу тараптар арасындағы ынтымақтастық пен іскерлік байланысты ынталандырады және нығайта түседі.



Көрме өткен жылдар ішінде мыңдаған қазақстандық және ресейлік тауар өндірушілер екіжақты байланыс орнатып, өнеркәсіп саласында жаңа жобаларды жүзеге асырды.


Халықаралық өнеркәсіп көрмесі бірлескен жобаларды жүзеге асыруға, әріптестік байланыстарды кеңейтуге, өнеркәсіпті дамытудың өзекті бағыттарын ашуға, сондай-ақ бұрыннан бар іскерлік байланыстарды нығайтуға және дамытуға бағытталған аймақтағы коммерциялық және өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі оқиғасы болып табылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Көрме #өнеркәсіп #келіссөз #маңызды
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.