ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Алматыға тоғызқұмалақтан әлем чемпионатына келген...

Алматыға тоғызқұмалақтан әлем чемпионатына келген шетелдік делегация жүрек орталығына барды

Алматы 25.11.2025, 11:41 297
Алматыға тоғызқұмалақтан әлем чемпионатына келген шетелдік делегация жүрек орталығына барды
сурет: автордан
Шаһарға тоғызқұмалақтан әлем чемпионатына келген шетелдік делегацияға рухани, мәдени-танымдық сапар ұйымдастырылған болатын. Олар қаладағы Кардиологиялық орталыққа да барып, заманауи медицина...

Шаһарға тоғызқұмалақтан әлем чемпионатына келген шетелдік делегацияға рухани, мәдени-танымдық сапар ұйымдастырылған болатын. Олар қаладағы Кардиологиялық орталыққа да барып, заманауи медицина мекемесінің тыныс-тіршілігімен танысты.

Дәрігерлер меймандарға инновациялық жаңа қондырғыларды, жүрек ауруларын ерте анықтауға арналған технологияларды көрсетті. Шетелдік қонақтар орталықтың медициналық мүмкіндігіне жоғары баға беріп, Қазақстандағы, оның ішінде медициналық туризмі ілгерілеп келе жатқан Алматының денсаулық сақтау саласының тың қадамдарына тәнті болғанын жеткізді.

«Сіздердің технологиялық даму жолына ерекше көңіл бөліп отырғандарыңыз қуантады. Орталықтағы кардиология саласының түрлі бағытқа бөлініп, мамандандырылған бөлімдермен жұмыс істеуі – өте маңызды аспект», – деді Румыния делегациясының басшысы Клаудия Балинт.

Тақырыпқа орай айта кетсек, Алматы қалалық Кардиологиялық орталықта бүгінде 585 жоғары білікті маман қызмет атқарады. Оның 120-ға жуығы кардиохирург. Сонау 2007 жылдан бері үздіксіз қызмет көрсетіп келе жатқан іргелі мекемеде жыл сайын 550-ге жуық ашық кардиохирургиялық операция жасалады. Сондай-ақ, орталық биыл ресми түрде жүрек трансплантациясын жүргізу бойынша уәкілетті медициналық ұйымдар тізіміне енді.

«Біздің орталық науқастарды жедел түрде қабылдайды. Алматыда жұмыс істейтін, қыдырып келген және басқа мемлекеттерден туристік бағдарлама бойынша келген адам науқастанып қалған жағдайда жедел түрде бізге келуіне, емделуіне барлық жағдай жасалғанын айтып өту керек. Бізге Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай және Ресей мемлекеттерінен науқастар жиі келеді», – деді қалалық Кардиологиялық орталықтың директоры Ермағамбет Қуатбаев

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,261 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.