AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыдағы жасөспірімдер колониясында кітапқұмарла...

Алматыдағы жасөспірімдер колониясында кітапқұмарлар көп

Әлеумет 16.04.2026, 15:15 601
Алматыдағы жасөспірімдер колониясында кітапқұмарлар көп

Алматы қаласының Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасының мамандары «Кітап оқуға құштарлық» атты жоба аясында түзеу мекемесіндегі жастар арасында кітап оқудан жарыс өткізді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматы қаласы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №11 мекемесінде кітапхана бар. Істі болып, жазасын өтеп жатқан жасөспірімдер бос уақытында кітап оқиды.

Жуырда Алматы қаласының Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасының мамандары «Кітап оқуға құштарлық» атты жоба аясында түзеу мекемесіндегі жастар арасында кітап оқудан жарыс өткізді. Оған аталмыш кітапханананың белді қызметкері Шарайна Құмарова қазылық етті. Сондай-ақ мекемедегі жалпы білім беретін мектептің тіл маманы Айзада Алиева және САӘПТЖБ бастығы әділет майоры Бағдат Талапбаев болды.

Іс-шараға кітапқұмар 16 жасөспірім қатысты. Олар оқыған кітаптарының мән-мазмұнын, не түсінгенін баяндап берді. Балалар оқыған кітаптардың арасында Абайдың, Дулат Исабековтің, Бердібек Соқпақбаевтың туындылары болды. Жастар сондай-ақ шытырман оқиғаларға толы детектив шығармаларды, орыс классиктерін де сүйіп оқитынын байқатты.

Кітапқа құмар жастарға ешқайсысын бөліп-жармай, бәріне оқуға құштарлығы, жақсылыққа ұмтылысы үшін «Алғыс хат» табысталды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#кітап
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17

Бір жарым жыл бойы салмақ қосып жатырмын деп ойладым: Алматыда дәрігерлер әйелге көмектесті

Бүгін 12:05

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19

Алматының Жетісу ауданында ұзындығы бір шақырымнан асатын аллея көркейтіліп, «Жетісу» саябағы жаңартылды

Бүгін 10:44

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қашан өтеді?

Бүгін 10:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);