ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Өмір-өзен / Алматыдағы ҰОС-ның ардагері 100 жылдық мерейтойын...

Алматыдағы ҰОС-ның ардагері 100 жылдық мерейтойын атап өтуде

Өмір-өзен 28.04.2023, 13:53 1,755
Алматыдағы ҰОС-ның ардагері 100 жылдық мерейтойын атап өтуде
Сурет: Almaty-akshamy.kz
Николай Таратунин 1941 жылы құрдастарымен бірге Отанды қорғау үшін майданға аттанады.

Николай Таратунин 1941 жылы құрдастарымен бірге Отанды қорғау үшін майданға аттанады.


Бүгін Ұлы Отан соғысының ардагері – шекарашы, «Қызыл жұлдыз» орденінің екі дүркін кавалері, бірінші дәрежелі «Ұлы Отан соғысы», «Құрмет» ордендерінің иегері, отставкадағы полковник Таратунин Николай Александрович 100 жасқа толды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Николай Таратунин 1941 жылы құрдастарымен бірге Отанды қорғау үшін майданға аттанады. Батыс, Сталинград, Украин майдандарында жанкештілікпен шайқасып, жерімізді басқыншылардан қорғайды.


Соғыстан соң ол Алматыдағы жаяу әскерлер училищесінің курсанты атанады. Оқуды жақсы аяқтап, Түркиямен, Иранмен, Қытаймен, Жапониямен шекаралас аймақтарда әскери қызметін өтейді. Бүгінде соғыс ардагері Николай Александрович ұлымен бірге тұрады, үш немересі, төрт шөбересі бар. 9 мамырда бәрі жиналып, ардагер аталарын Жеңіс күнімен құттықтайды.



Соғыс ардагерін Алматы әкімдігінің, «Застава Тарландары» ардагер шекарашылардың республикалық қоғамдық ұйымының, ардагерлердің қалалық Кеңесінің, АMANAT партиясының өкілдері, қорғаныс жөніндегі басқарманың әскери қызметшілері, Жас сарбаз әскери- патриотттық клубының жасөспірімдері, ҚР Қорғаныс Күштері әскери-патриоттық орталығы филиалының өкілдері, ҰОС-ның соғысы мен тыл еңбекккерлері ардагерлер Кеңесінің  қоғамдық қоры, ҰҚК шекара қызметінің әскерилері құттықтады.




Әкімдік және кәсіпкерлер әскери шекаралық гарнизонмен, техниканы жөндеу жөніндегі басқарманың және ҚР ҰҚК шекара қызметінің әскерилерімен бірге ардагердің үйін жөндеп, аула айналасын тазартып берді.


Айта кетерлігі, мемлекет, бизнес өкілдері, ҮЕҰ, әскери бөлімшелер тек Жеңіс күні ғана емес, ардагерлерге үнемі қолдау көрсетіп, көмектесіп келеді. Ақшалай төлемдер, түрлі жеңілдіктер жасалып, үйлерінде де, оның ішінде медициналық көмек те көрсетіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.