конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Құрылтай / Алматыдағы ТЖД қызметкерлері Құрылтай сайлауына қа...

Алматыдағы ТЖД қызметкерлері Құрылтай сайлауына қатысты

Құрылтай Бүгін 08:11 56
Алматыдағы ТЖД қызметкерлері Құрылтай сайлауына қатысты
Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ведомство өкілдері өздерінің сайлау құқығын жүзеге асыруға мүмкіндік алды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматыда ел тарихында тұңғыш рет Қазақстанның жаңа бірпалаталы заң шығарушы органы – Құрылтай депутаттарының сайлауы өтіп жатыр. Дауыс беру таңғы сағат 7:00-де басталып, кешкі сағат 20:00-ге дейін созылады.

Сайлау учаскелеріне келген алматылықтардың қатарында Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері де бар. Ведомство өкілдері, соның ішінде кезекшілікке түсетін қызметкерлер, есептен шығару куәліктерін пайдаланып, өздерінің сайлау құқығын жүзеге асыруға мүмкіндік алды.

Атап айтқанда, Алматы қаласы ТЖД қызметкерлері Наурызбай ауданының Инновация мен шығармашылық орталығында орналасқан №650 сайлау учаскесінде дауыс берді. Учаске жергілікті тұрғындар мен басқа да сайлаушыларды бекітілген тәртіппен қабылдап жатыр.

Шұғыл қызмет қызметкерлері үшін орналасқан жері бойынша дауыс беру маңызды: жұмыс ерекшелігі кезекшілікті және сайлау күнін қоса алғанда, қала тұрғындарының қауіпсіздігін үздіксіз қамтамасыз етуді талап етеді.

Бүгін Наурызбай ауданында барлық 63 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Жалпы Алматы бойынша дауыс беру 670 учаскеде, соның ішінде азаматтардың уақытша болатын жерлерінде құрылған учаскелерде ұйымдастырылған.

23 тамыздағы сайлау – Құрылтайға өтіп жатқан алғашқы сайлау. Дауыс беру қорытындысы бойынша жаңа бірпалаталы парламенттің 145 депутаты бес жыл мерзімге сайланады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақтың батыры сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады

Бүгін 09:33

69 жастағы ұлы 90 жастағы анасын Алматыдағы сайлау учаскесіне ертіп келді

Бүгін 09:20

Алматыда Құрылтай есімді екі тұрғын дауыс берді

Бүгін 09:18

Алматыда Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Амантай Бергалиев дауыс берді

Бүгін 09:15

Медеу баспалдағын бағындырған әже сайлауда дауыс берді

Бүгін 09:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);