Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Алматыдағы тергеу изоляторына тыйым салынған затта...

Алматыдағы тергеу изоляторына тыйым салынған заттарды алып кіру әрекеттері тоқтатылды

Алматы Кеше 15:46 61
Алматыдағы тергеу изоляторына тыйым салынған заттарды алып кіру әрекеттері тоқтатылды
Cурет: Polisia.kz

Алматы қаласында қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің аумағына тыйым салынған заттарды алып кірудің кезекті әрекетінің жолы кесілді, – деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

 Жыл басынан бері осындай үш дерек тіркелген, олардың барлығы Алматы қаласындағы тергеу изоляторында болған. Ал өткен жылы қаладағы мекемелерде осындай 11 жағдай анықталған. Көптеген профилактикалық түсіндіру жұмысы мен ресми ескертулерге қарамастан, кейбір азаматтар режимдік аумақтарға тыйым салынған заттарды алып кіруге әрекет жасауды жалғастыруда.

Бұл ретте қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде тұрақты түрде алдын алу шаралары ұйымдастырылады: келушілермен жеке түсіндіру жұмыстары өткізіледі, ақпараттық жадынамалар таратылады, кіреберістерде ескерту тақтайшалары орналастырылған.

Сонымен қатар қызметкерлер тарапынан бейнебақылау күшейтіліп, өткізілетін сәлемдемелер мен заттарға мұқият тексеру жүргізіледі. Мекеме әкімшілігі азаматтарды заң талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Тыйым салынған заттарды алып кіру немесе өткізу әрекеті белгіленген тәртіпті өрескел бұзуға жатады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік не қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады. Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатынын және құқық бұзушылықтардың алдын алу басты назарда екенін атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Тергеу изоляторы #Тыйым салынған заттар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.