ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Алматыдағы «Сенім» орталығының тәрбиеленушілері Sh...

Алматыдағы «Сенім» орталығының тәрбиеленушілері Showdown жарысына қатысты

Алматы Кеше 12:11 75
Алматыдағы «Сенім» орталығының тәрбиеленушілері Showdown жарысына қатысты
Алматы әкімдігі
Алматы қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты «Сенім» әлеуметтік қызметтер орталығының қызмет алушылары көру қабілеті бұзылған адамдарға арналған Showdown...

Алматы қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты «Сенім» әлеуметтік қызметтер орталығының қызмет алушылары көру қабілеті бұзылған адамдарға арналған Showdown үстел ойыны бойынша өткен спорттық жарысқа қатысты.

Іс-шара барысында қатысушылар ептілік пен шапшаңдықты, қимыл-қозғалыс үйлесімділігін көрсетті. Ойын шартына сәйкес, олар дыбыс шығаратын допты арнайы ұзартылған ракеткамен қарсыласының қақпасына бағыттап, қақпасын қорғауға тырысты.

Жарыс соңында қатысушылар әсерін бөлісіп, сайыстан жағымды эмоция алғанын айтты. Мұндай спорттық шаралар дене саулығын нығайтуға, күш-қуат пен төзімділікті арттыруға, кеңістікті бағдарлау және логикалық ойлау қабілетін дамытуға ықпал етеді. Сонымен қатар ойынға қатысу қызмет алушылардың өзіне деген сенімін арттырып, өзін-өзі бақылау мен топпен жұмыс істеу дағдысын жетілдіруге мүмкіндік берді.

«Сенім» әлеуметтік қызметтер орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі 3 жастан 18 жасқа дейінгі психоневрологиялық патологиясы және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балаларға стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетеді. Орталықта әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-құқықтық және әлеуметтік-экономикалық сынды қызметтің 8 бағыты ұсынылады.

Дене белсенділігін дамыту және спорттық өмірге тарту – Орталық жұмысының негізгі бағыттарының бірі. «Сенім» әлеуметтік қызметтер орталығы спорттық іс-шараларды жүйелі түрде ұйымдастырып, түрлі жарысқа тұрақты түрде қатысып келеді. 2025 жылы 7 спорттық іс-шара өткізілсе, 2026 жылы 4 спорттық іс-шара ұйымдастырылды.

Қызмет алушылар шахмат, волейбол, пионербол сияқты спорт түрлері бойынша жарыстарға тұрақты түрде қатысады. Бұл олардың дене дамуына, әлеуметтік бейімделуіне және командалық дағды қалыптастыруға ықпал етеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,424 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.