конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Құрылтай / Алматыдағы сайлау учаскелерінің жанында жәрмеңке ж...

Алматыдағы сайлау учаскелерінің жанында жәрмеңке жұмысы жалғасып жатыр

Құрылтай Бүгін 12:19 55
Алматыдағы сайлау учаскелерінің жанында жәрмеңке жұмысы жалғасып жатыр
Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Сауда алаңдары ашылған сәттен бастап қала тұрғындары арасында үлкен сұранысқа ие болды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бүгін Алматыдағы сайлау учаскелерінің жанында дәстүрлі түрде мектеп және азық-түлік жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Сауда алаңдары ашылған сәттен бастап қала тұрғындары арасында үлкен сұранысқа ие болды. Тұрғындар сайлауға қатысуды жаңа оқу жылына қажетті жаңа өнім, көкөніс, жеміс-жидек, нан-тоқаш өнімі мен мектепке керек-жарақтарды сатып алумен ұштастырып жатыр.

Жетісу ауданында жәрмеңке №148 және №101 гимназиялардың, Мәдениет үйі мен №177 орта мектептің жанында өтіп жатыр. Мұнда қала тұрғындары сайлау учаскесіне баруды үй мен отбасыға қажетті заттарды сатып алумен қатар алып жүр. Алатау ауданында сауда алаңдары №30, №35 және №20 сайлау учаскелерінің жанында жұмыс істеп тұр.

Наурызбай ауданында тұрғындар кеңсе тауарлары мен мектепке қажетті керек-жарақтарды белсенді сатып алуда. Жәрмеңке №174 мектеп-гимназия мен №538, №577, №649 және №684 сайлау учаскелерінің, сондай-ақ №214 мектеп пен №625, №679, №680, №681 және №682 учаскелерінің жанында ұйымдастырылған. Мектеп жәрмеңкесі сағат 19:00-ге дейін, ал аспаздық өнімдер сатылатын орын дауыс беру аяқталғанға дейін жұмыс істейді.

Алмалы ауданындағы жәрмеңке де жұмысын жалғастырып жатыр. Сауда алаңдары Арбатта, №147 орта мектептің, Қазақ спорт және туризм академиясының және «Целинный» заманауи мәдениет орталығының жанында ұйымдастырылған. Мұнда тұрғындар нан-тоқаш өнімдерін, жаңа піскен бәліштерді, алма мен басқа да жеміс-жидектерді сатып ала алады. Күні бойы сауда қатарларында сатып алушылар легі толастаған жоқ.

Әуезов ауданында онға жуық жәрмеңке ұйымдастырылған. Олар мектептер мен оқу орындарында орналасқан сайлау учаскелерінің жанында, соның ішінде №5, №1, №111, Қ. Яссауи атындағы №123, №153 және №202 мектеп-гимназиялардың, сондай-ақ №122 және №117 мектептердің, Халықаралық көлік-гуманитарлық университетінің және Алматы технологиялық колледжінің жанында өтіп жатыр. Тұрғындар дауыс бергеннен кейін күнделікті бағытын өзгертпей-ақ қажетті заттарын сатып ала алады.

Түрксіб ауданында да жәрмеңке белсенді өтіп жатыр. №456 сайлау учаскесінің жанында мектепке қажетті керек-жарақтар, жергілікті өндіріс өнімдері мен нан-тоқаш өнімдері ұсынылған. №460 учаскеде жергілікті өндіріс өнімдері сатылып жатыр. №421 учаскеде көкөніс пен жеміс-жидек ұсынылған ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтуде. Ал №523 және №457 учаскелердің жанында жергілікті өндіріс өнімдері мен нан-тоқаш өнімдерін сатып алуға болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылықтар таңғалдырудан жалықпайды: сайлауға Одиссейдің өзі келді

Бүгін 13:35

Алматыда «МузАРТ» тобының солисі Кенжебек Жанәбілов ауруханада дауыс берді

Бүгін 13:32

Нұрқожа Қайпанов таңдау жасады

Бүгін 13:29

Алматының Наурызбай ауданында «HaSSaQ» этноспорты сайлау күніне ұлттық реңк берді

Бүгін 13:26

Алматылықтардың үйде дауыс беру мүмкіндігі

Бүгін 13:21
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);