AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыдағы полиорталықтарды дамыту: жаңа жолдар ме...

Алматыдағы полиорталықтарды дамыту: жаңа жолдар мен инженерлік желілер

Алматы 04.08.2026, 14:09 294
Алматыдағы полиорталықтарды дамыту: жаңа жолдар мен инженерлік желілер

Алматыда «Батыс қақпасы» және «Шығыс қақпасы» полиорталықтарында ауқымды инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып жатыр, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бұл келешегі зор қалалық аумақтарды жаңа жолдармен, инженерлік желілермен және коммуналдық инфрақұрылыммен қамтамасыз етіп, олардың одан әрі дамуына берік негіз қалайды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте Алматы қаласы Құрылыс басқармасының басшысы Нұрбол Нұрсағатов мәлімдеді.

Атап айтқанда, Алатау ауданында Бауыржан Момышұлы көшесі, Мөңке би көшесі, Фариза Оңғарсынова көшесі және Рысқұлов даңғылының аралығындағы 298 гектар аумақта жалпы ұзындығы 25,5 шақырым болатын жаңа жол салынып жатыр.

Сонымен қатар инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары қатар жүргізілуде. Жоба аясында «Алғабас» және «Ақбұлақ» қосалқы станциялары қайта жаңғыртылып, «Алғабас» пен «Ақкент» қазандықтары жаңартылады. Сондай-ақ «Трудовик» кәріз-сорғы станциясы қайта жаңғыртылып, жылу, сумен жабдықтау және электрмен қамту магистральдық желілері салынып жатыр.

Жұмыс кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Тамыз айының соңына дейін жылу желілерінің құрылысы, қазан айының басына дейін магистральдық су құбыры мен кәріз желілері, ал қазан айының ортасына дейін магистральдық электрмен жабдықтау нысандарының құрылысы аяқталады деп жоспарланған.

Қаланың шығыс бөлігінде де ауқымды инфрақұрылымдық жұмыс жалғасуда. Шілде айының соңындағы жағдай бойынша су құбыры желілерінің құрылысы 40 пайыздан астам орындалды. Кәріз және электрмен жабдықтау желілері шамамен үштен біріне аяқталса, газбен жабдықтау нысандарының дайындығы 70 пайыздан асты. Сонымен қатар байланыс желілерін тарту және автомобиль жолдарын салу жұмыстары жалғасып жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17

Бір жарым жыл бойы салмақ қосып жатырмын деп ойладым: Алматыда дәрігерлер әйелге көмектесті

Бүгін 12:05

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19

Алматының Жетісу ауданында ұзындығы бір шақырымнан асатын аллея көркейтіліп, «Жетісу» саябағы жаңартылды

Бүгін 10:44

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қашан өтеді?

Бүгін 10:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);