ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Медицина / Алматыдағы педиатрия және балалар хирургиясы ғылым...

Алматыдағы педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына – 90 жыл

Медицина 30.09.2022, 03:52 2,281
Алматыдағы педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына – 90 жыл
Сурет: Ашық дереккөзі
Конференцияның басты мақсаты -  балалар денсаулығын сақтау мен нығайту

Конференцияның басты мақсаты -  балалар денсаулығын сақтау мен нығайту


Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының сәби денсаулығын, бала амандығын басты назарға алып отырғанына биыл - 90 жыл. 6-7 қазан күндері Алматыда Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының 90 жылдығына арналған  «Қазақстан педиатриясы: өткені мен бүгіні және болашағы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
 
 Мерейтойлық шараға Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі А.Ғинаят, С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың ректоры М.Е.Шоранов, Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының Басқарма төрағасы А.З.Құсайынов, Д.Рогачёв атындағы ұлттық медициналық зерттеу орталығының Бас директоры Г.А. Новичкова, Беларусь Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, профессор, онкогематолог  О.В.Алейникова, сонымен қатар Қазақстанның барлық аймақтарынан және  Беларусь, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Ұлыбритания, Германия, Украина, Чехия елдерінің өкілдері, балалар дәрігерлері, ғылыми институттардың жетекші мамандары мен басшылары, сондай-ақ медициналық ЖОО профессорлары қатысады.  


Конференцияның басты мақсаты -  балалар денсаулығын сақтау мен нығайту, балаларға сапалы медициналы қызмет көрсетуді ұйымдастыру, балаларды емдеу мен диагностикалаудағы өзекті меселелерін талқылау,  еліміздегі балалар денсаулығы қызметін жақсарту.


Іс-шараның ұйымдастырушылары:  ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы және Қазақстан Педиатрлар Одағы. 


Алқалы басқосуда Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының өткені мен бүгіні, жетістігі мен дамуы сөз болып, еліміздегі педиатриялық қызметтің бағыт-бағдары сараланады.  


Екі күнге созылатын халықаралық конференция «Педиатрия және неонатологияның өзекті мәселелері», «Балалар хирургиясы: бағыттары мен заманауи әдістері», «Орфандық ауруларды диагностикалау мен емдеудің заманауи мәселелері», «Онкологиялық және гематологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеудің заманауи технологиялары»,  «Патологоанатомиялық  диагностиканың өзекті мәселелері», «Балаларға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырудағы мейіргерлер рөлі» атты  секциялық жұмыс тақырыптары аясында өтеді.   

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,279 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,180 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.