AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыдағы Отбасын қолдау орталығы отбасыларды сақ...

Алматыдағы Отбасын қолдау орталығы отбасыларды сақтап, балаларды ата-анасына қайтаруға көмектесіп жатыр

Алматы 19.03.2026, 12:19 301 Сұлу
Алматыдағы Отбасын қолдау орталығы отбасыларды сақтап, балаларды ата-анасына қайтаруға көмектесіп жатыр
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында «Алматы қаласының Отбасын қолдау орталығы» КММ-нің қала тұрғындарына дағдарысты еңсеріп, отбасын сақтауға қалай көмектесіп жатқанына мысал келтірді. Орталықтың директоры міндетін атқарушы Ақмолжан Зариповтың айтуынша, олар көмек көрсетіп қана қоймай, отбасылық байланысты да қалпына келтіріп, азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға да атсалысады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

«Біздің мақсатымыз – отбасына дағдарыстан шығуға көмектесіп, оны әлеуметтік құндылық ретінде сақтау», – дейді ол.

Көрнекті мысалдың бірі – жаңа туған нәрестеден бас тартқан жас анамен жүргізілген жұмыс. Психологиялық қолдау мен сүйемелдеудің нәтижесінде әйел райынан қайтып, баласын қайтарып алып, оны өз бетінше тәрбиелеуге кірісті. Сонымен қатар, Орталық әлеуметтік және медициналық мәселелерді шешуге де жәрдемдеседі. Мәселен, Алматы қаласының бір тұрғынына көру қабілеті бойынша мүгедектік рәсімдеуге көмектесіп, соның арқасында ол тиісті мемлекеттік төлемдер мен ем алуға мүмкіндік алған.

Ал басқа жағдайда көпбалалы отбасыға баланың мүгедектік тобын күшейтуге жәрдем беріліп, бұл мемлекеттік қолдауға қолжетімділікті кеңейтті. Жұмыспен қамту бағыты да маңызды орын алады. Орталықтың көмегімен көпбалалы ана күтуші-тәрбиеші болып жұмысқа орналасты. Әлеуметтік қолайсыздықтың алдын алу – негізгі бағыттың бірі. Орталық полиция, білім беру мен медициналық ұйымдармен бірлесіп, ақпараттық науқандар мен оқыту іс-шараларын да өткізеді.

«Кеңес беруден бастап сүйемелдеуге дейінгі кешенді тәсіл нәтижедлі екенін көріп отырмыз. Адамдар қазір жүйеге сенім артып, көмекке жүгініп жатыр», – дейді спикер.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #отбасы #қолдау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);