AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыдағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 931 млрд т...

Алматыдағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 931 млрд теңгеден асты

Алматы 02.06.2026, 11:06 135 yakiya
Алматыдағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 931 млрд теңгеден асты
Алматы әкімдігі

Алматыдағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 931 млрд теңгеден асты, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

2026 жылдың алғашқы бес айының қорытындысы бойынша Алматыдағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 931,3 млрд теңгеге жетті. Бұл былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 27,8 пайызға жоғары.

Өсімнің негізгі тетігі ретінде өңдеу өнеркәсібі айқындалып отыр. Аталған саладағы өндіріс көлемі 743,2 млрд теңге болып, 32,1 пайызға артқан. Бүгінде өңдеу өнеркәсібінің үлесіне қаладағы жалпы өнеркәсіп өндірісінің шамамен 80 пайызы тиесілі.

Алматыда тамақ, химия, жеңіл өнеркәсіп, машина жасау және құрылыс материалдарын өндіру бағыттары қарқынды дамып келеді. Қазіргі таңда мегаполисте 130-дан астам ірі және орта өнеркәсіп кәсіпорны тұрақты жұмыс істейді.

Қала экономикасының өркендеуіне Алматы индустриялық аймағы да қомақты үлес қосып отыр. Оның жалпы аумағы 695 гектар. Аталған аймақта 151 компания жобаларын жүзеге асыруда. Соның нәтижесінде 21,8 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылмақ.

Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына өнеркәсіптік парктер де тың серпін беруде. Бүгінде Алматыда жалпы аумағы 95 мың шаршы метр болатын 23 шағын өнеркәсіптік парк жұмыс істейді. Бұл алаңдарда 2400-ге жуық жұмыс орны ашылған.

Сонымен қатар Алматы еліміздің жетекші IT-орталықтарының бірі ретіндегі мәртебесін нығайтып келеді. «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағына жалпы аумағы 163 гектарды қамтитын 178 компания қатысуда.

* Бағдарламалық қамтамасыз ету әзірлеу саласында 108 компания (НИТ, alabs.team, PayBox, «Личная Касса» және т.б.) өз қызметін экстерриториялық қағидат бойынша жүзеге асыруда;

* 70 компания (Kaspi Cloud, Freedom Data Centers, Eltex Alatau, Nero Lab, Xfinity Solutions, Kaztechinnovations, «Алтын Групп» және т.б.) арнайы экономикалық аймақ аумағында жұмыс істейді.

Қазіргі уақытта «ИТП» АЭА аумағында 24 жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл жобалар аясында шамамен 1000 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған.

Өнеркәсіп, өндірістік инфрақұрылым және инновациялық сектордың дамуы Алматыға экономикалық өсімнің жоғары қарқынын сақтауға әрі қаланың инвестициялық тартымдылығын одан әрі арттыруға мүмкіндік беріп отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#өнеркәсіп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);