AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыдағы «Нұрлы Дала» тұрғын үй кешенінің үш аул...

Алматыдағы «Нұрлы Дала» тұрғын үй кешенінің үш ауласы жаңартылды

Алматы 09.10.2026, 15:01 198
Алматыдағы «Нұрлы Дала» тұрғын үй кешенінің үш ауласы жаңартылды

Алматының Наурызбай ауданындағы «Нұрлы Дала» тұрғын үй кешенінде үш ауланы ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жөндеу Райымбек даңғылы бойындағы 11 тұрғын үйдің ауласын қамтыды. Соның нәтижесінде аула инфрақұрылымы жақсарып, балалар мен спорт алаңдары ретке келтіріліп, аумақ көгалдандырылды.

«Нұрлы Дала» тұрғын үй кешені 24 үйден, 2 828 пәтерден және 41 кіреберістен тұрады. Ғимараттар 2019-2020 жылдары пайдалануға берілген. Тұрғындар қоныстанғалы бері аулаларда ағымдағы жөндеу жүргізілмеген. Сондықтан бұл жұмыстар тұрғындарға қолайлы орта қалыптастырудағы маңызды қадам болды.

Жоба аясында асфальт жабыны мен тротуарлар жаңартылып, шағын сәулет нысандары, көше тренажерлері және қоршау орнатылды, суару жүйесі жасалды. Сондай-ақ, ойын және спорт аймақтары көркейтіліп, көгалдандыру жұмыстары жүргізілді, тұрғындардың жайлы демалуына жағдай жасалды.

Аула аумақтарын көркейту аясында 2 490 бұта және 39 гүл егілді. Жасыл желекті суару үшін 930 метр тамшылатып суару желісі тартылды. Балалар және спорт алаңдарына 2 123 м² тартан жабыны төселді. Бұдан бөлек, 2 250 шаршы метр асфальт жабыны жаңартылып, аулаішілік жолдар мен жүргіншілерге арналған аумақтардың жағдайы жақсарды.

Аула кеңістігін ретке келтіріп, демалыс және спорт аймақтарын бөліп көрсету үшін 454 метр қоршау орнатылды. Тұрғындардың ашық ауада жаттығуына арналған 24 көше тренажері мен демалуға қолайлы жағдай жасайтын 25 шағын сәулет нысаны қойылды.

Жөндеу жұмыстары 2026 жылғы тамызда басталып, қазанда аяқталды.

Соның нәтижесінде үш аула жаңарып, серуендеуге, спортпен айналысуға және балалардың ойнауына қолайлы жағдай жасалды. Жоба тұрғындар үшін жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға және қалалық ортаның сапасын арттыруға бағытталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#аула
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17

Бір жарым жыл бойы салмақ қосып жатырмын деп ойладым: Алматыда дәрігерлер әйелге көмектесті

Бүгін 12:05

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19

Алматының Жетісу ауданында ұзындығы бір шақырымнан асатын аллея көркейтіліп, «Жетісу» саябағы жаңартылды

Бүгін 10:44

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қашан өтеді?

Бүгін 10:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);