ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Білім және ғылым / Алматыдағы мектептің тынысы «Ұрпақ үні» газетінде

Алматыдағы мектептің тынысы «Ұрпақ үні» газетінде

Білім және ғылым 02.05.2025, 22:38 829
Алматыдағы мектептің тынысы «Ұрпақ үні» газетінде
Алматы қаласы әкімдігі
Алматы қаласы Наурызбай ауданындағы №174 мектеп-гимназиясында оқушылар журналистика негіздерін меңгеріп, өз ойларын қағаз бетіне сауатты әрі шебер жеткізуді үйреніп жүр. Мұндай мүмкіндікке олар...

Алматы қаласы Наурызбай ауданындағы №174 мектеп-гимназиясында оқушылар журналистика негіздерін меңгеріп, өз ойларын қағаз бетіне сауатты әрі шебер жеткізуді үйреніп жүр. Мұндай мүмкіндікке олар мектепішілік «Ұрпақ үні» газеті арқылы ие болды.

– Әлеуметтік желілер арқылы сыртқы әлеммен байланыс бүгінде қаламыздағы мектептердің өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Бірақ бүкіл әлемге мектеп жетістіктерін жариялау бір басқа, ал сол жетістіктер мен мектеп қаһармандарын оқушылар мен мұғалімдердің өздеріне таныстыру – мүлде басқа мәселе. Осы мақсатта «Ұрпақ үні» газеті құрылды. Бұл басылым маңызды оқиғаларды жариялап қана қоймай, оқушылар мен ұстаздар арасындағы байланысты нығайтып, «оқушы – ата-ана – мұғалім» үштігінің үйлесімді жұмысына жол ашады, – дейді Наурызбай аудандық білім бөлімінің басшысы Салтанат Құсайынова.

Мектепте қолға алынған осы әлеуметтік маңызы бар жобаның нәтижесінде арнайы медиа-студия ашылды. Жақында оқушылар өз қолдарымен әзірлеген «Ұрпақ үні» газетінің алғашқы сандарын жарыққа шығарды. Газетте мектеп өміріне қатысты қызықты, пайдалы әрі танымдық материалдар жарияланады. Басылым айына бір рет баспаханада басылып шығады. Оны оқушылар өз бастамасымен, мұғалімдердің қолдауымен жүзеге асырады. Мұғалімдер арасынан бас редактор тағайындалғанымен, негізгі жұмысты – дизайнерлік, тілшілік, фото және тағы басқа міндеттерді оқушылар өздері атқарады.

– «Ұрпақ үні» – жаңа буынның медиажобасы. Ол жастардың үнін, арманы мен көзқарасын жеткізетін басылым. Газеттің мақсаты – мектептегі шығармашылық пен ақпараттық алаңды дамыту, оқушыларды журналистика мен сөз өнеріне баулу, қоғаммен қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру және «оқушы – мұғалім – ата-ана» ынтымақтастығын нығайта отырып, мектептегі баспасөз орталығының жұмысын жандандыру, – дейді қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, бас редактор Жеткеншек Меңдіғалиев.

Жуырда мектепте газеттің салтанатты тұсаукесері өтті. Іс-шараға ұстаздар, оқушылар мен ардақты қонақтар қатысты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.