AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыдағы ІІМ Академиясы жол қауіпсіздігі маманда...

Алматыдағы ІІМ Академиясы жол қауіпсіздігі мамандарын даярлауды күшейтпек

Әлеумет 07.02.2025, 11:39 754 Bakyt
Алматыдағы ІІМ Академиясы жол қауіпсіздігі мамандарын даярлауды күшейтпек
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қазақстанда жыл сайын 30 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркеледі. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету тек бақылауды күшейтуді ғана емес, сонымен бірге жоғары білікті мамандарды даярлауды талап етеді. Бұл бағытта жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР Ішкі істер министрлігі Ішкі істер министрлігі Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының әкімшілік-құқықтық пәндер кафедрасының бастығы Тамара Коржумбаева мәлімдеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Тамара Коржумбаева атап өткендей, академия жол қозғалысын ұйымдастыруға және оның қауіпсіздігін арттыруға қатысатын әкімшілік полиция мен жол-техникалық инспекциясы үшін кадрларды дайындайды.

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында бұл салада шұғыл әрекет ету қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, қоғамдық қауіпсіздікті қоғаммен әріптестік жасап қамтамасыз етудің 2024 – 2028 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында жол-көлік оқиғалары салдарынан болатын өлім-жітім деңгейін төмендету басты міндеттердің бірі болып табылады. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі жол қауіпсіздігіне жауапты негізгі органдардың бірі ретінде жағдайды жақсарту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде», - деді ол.

Білім беру қызметімен қатар, Академия заң шығаруға белсенді қатысады, жолдарды бақылаудың инновациялық технологияларын әзірлейді және азаматтарды құқықтық тәрбиелеу бағдарламаларын жүзеге асырады.

«Жол қауіпсіздігі» жобасы аясында Академия қызметкерлері мектеп оқушылары, колледж студенттеріне және басқа да оқу орындарында сабақ өткізеді. Балаларда жолда жүру мәдениетін жастайынан қалыптастыру мақсатында бірінші сынып оқушыларына ерекше көңіл бөлінеді.

Одан бөлек, Академия жол қозғалысы қауіпсіздігінің өзекті мәселелері талқыланып, практикалық ұсыныстар әзірленетін ірі ғылыми форумдардың, конференциялардың және дөңгелек үстелдердің ұйымдастырушысы болып табылады.

«Академия инновациялық технологияларды әзірлеумен және енгізумен белсенді түрде айналысады, патенттік қызметте жолдарды бақылауды жақсартуға және төтенше жағдайлар қызметінің әрекет ету уақытын арттыруға көмектесетін заманауи шешімдерді жасауға бағытталған», - деп бөлісті Т. Коржумбаева.

Сөз соңында спикер білікті кадрлар даярлау, заманауи технологияларды енгізу және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру жол-көлік оқиғаларын азайтып, жолдарды қауіпсіз етуге септігін тигізетінін атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жол қауіпсіздігі #Академия #құқық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);