AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Қаржы / Алматыдағы халықаралық форумға әлемнің 40-тан аста...

Алматыдағы халықаралық форумға әлемнің 40-тан астам елінен инвесторлар келді

Қаржы 15.05.2023, 14:00 1,812 Almaty-akshamy
Алматыдағы халықаралық форумға әлемнің 40-тан астам елінен инвесторлар келді
Сурет: Ашық дереккөз

Өткен жылы Қазақстан 28 млрд АҚШ доллары болатын шетелдік тікелей инвестицияларды иеленді


Алматыда Еуразиялық даму банкінің (ЕАДБ) ұйымастыруымен Азия-Тынық мұхит аумағы даму институттары қауымдастығының (ADFIAP) 46-шы жылдық жиналысы шеңберінде 40-тан астам ел инвесторларының қатысуымен ауқымды халықаралық форум өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Форумға 240 ірі банк өкілдері, инвестициялық қорлар мен даму институттары, атап айтқанда Қытай, Түркия, Жапон, Үндістан, Филиппин, Жаңа Зеландия, Еуропа елдері, АҚШ, Латын Америка, Таяу Шығыс және Еуропа Одағының мемлекеттерінен өкілдер қатысып жатыр.


Премьер-Министрдің орынбасары - Қаржы министрі және Қазақстан Республикасының ЕАДБ кеңесіндегі өкілетті өкілінің орынбасары Ерұлан Жамаубаев ADFIAP 46-шы жылдық жиналысының қатысушыларына Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғысөзін оқып берді.



«Қазақстан қарқынды түрде өзара тиімді экономикалық, инвестициялық, сауда бағыттарындағы аймақтық және ғаламдық деңгейдегі ынтымақтастықты қолдап келеді», - делінген Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғысөзінде.



Президент Қазақстан агроөнеркәсіп кешені, мұнай-химия, металлургия, өңдеу және тоқыма өнеркәсібі, көлік және логистика, қаржы секторы мен туризм салаларында зор күш-қуатқа ие екендігін атап өткен. Осы орайда, инвестициялық ауқаттың тұрақты түрде дамуы – мемлекет саясатындағы маңызды басымдық.


Өткен жылы Қазақстан 28 млрд АҚШ доллары болатын шетелдік тікелей инвестицияларды иеленді, бұл – соңғы онжылдықтың рекордтық көрсеткіші. «Жалпы, тікелей шетелдік инвестиция (ТШИ) көлемі бүгінде 383 млрд АҚШ доллары көлемінде», - деп көрсетілген Президент сөзінде.


Алматыда өткізіліп отырған халықаралық форум Азия-Тынық мұхит аймағында инвестициялық ынтымақтастықтың артуына қуатты серпін беріп қана қоймай, Азия-Тынық мұхиты мемлекеттері мен Қазақстан Республикасының қаржы-экономикалық серіктестігін кеңейтпек.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#форум #инвестиция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);