ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыдағы Геологтар аллеясы күрделі жөндеуден өте...

Алматыдағы Геологтар аллеясы күрделі жөндеуден өтеді

Әлеумет 18.07.2025, 12:45 592
Алматыдағы Геологтар аллеясы күрделі жөндеуден өтеді
Алматы қаласы әкімдігі
Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған баспасөз туры барысында Қалалық қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасының басшысы Батырхан Сүлейменов қолға алынған осы шаруалар жайлы баяндады.

Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған баспасөз туры барысында Қалалық қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасының басшысы Батырхан Сүлейменов қолға алынған осы шаруалар жайлы баяндады. 

Оның айтуынша, мемлекет басшысы мен қала әкімінің тапсырмасы бойынша А. Байтұрсынұлы мен Қ. Сәтбаев көшесінің қиылысында орналасқан Геологтар аллеясы күрделі жөндеуден өтіп, толық жаңғыртылмақ. Аллеяны жаңартып қана қоймай, заман талабына сай етіп, адамдарға қолайлы кеңістік құрмақ ойда. Аумақтың жалпы ауданы екі гектарға жуықтайды. 
 
«Құрылыс-монтаж жұмысына кірісіп кеттік. Ескі құрылымдарды, соның ішінде автотұрақты бұзып жатырмыз қазір. Бірақ А. Байтұрсынұлы көшесі жақтағы 10 көлік орны қалады. Мұнда өте қызықты орын – студенттер аймағы ашылады. Студенттер мен қала тұрғындары мұнда уақыт өткізіп, демалып, шахмат, үстел теннисін ойнайды», – деді Батырхан Сүлейменов.

 Қ. Сәтбаев ескерткішін аллеяның орталық кіреберіс аймағына көшіріп, ағаштарды жарықтандыратын декоративті жарық жүйесін орнатып, плиткалы жамылғыны жаңартпақ ойда. Жабайы жүзіммен көмкерілген перголалар мен жаңа орындықтар  да қойылады, сондай-ақ аллеяның мазмұнын ашатын минералдардан құралған арт-нысан орнату да жоспарда бар.

«Біз көгалдандыруға ерекше көңіл бөлеміз: мұнда үлкен ағаштар, бұталар мен газон болады, бұрын шешімін таппаған автоматты суару жүйесі енгіземіз. Жасыл аймақты гидросебу әдісімен абаттандырамыз. Сонымен қатар «Колизей» – амфитеатр салынады, онда Қ.Сәтбаев атындағы университет іс-шара мен үйірмелер ұйымдастыра алады», – деп атап өтті ол.

Жобаны сәулетші Жанна Спунер әзірлеген. Соның аясында «Мұзтау 200» үлгісіндегі жаңа қоқыс жәшіктері мен Қазақстандағы геология тарихы туралы ақпарат беретін 12 ақпараттық тақта орнатылмақ. Сондай-ақ демалысқа арналған саңырауқұлақ тәрізді қалқа мен ашық аспан астындағы кітапхана да ашылады.

«Бұл күндіз де, кешке де жайлы, тартымды орын болады. Біз кеңістікті кез келген уақытта қауіпсіз әрі қызықты ету үшін декоративті жарықтандыруды белсенді түрде енгізіп жатырмыз», – деп қосты Алматы қаласы Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасының басшысы Батырхан Сүлейменов.

Шамамен үш апта бұрын басталған жоба жыл соңына дейін аяқталып қалады. Күрделі жөндеуден кейін Геологтар аллеясы мәдени, білім беру мен демалыс қызметін біріктіретін осы заманғы әрі жайлы қоғамдық кеңістікке айналады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,279 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,180 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.