Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыдағы екі шағын ауданда су құбыры желілері ме...

Алматыдағы екі шағын ауданда су құбыры желілері мен кәріз жүйесі пайда болады  

Әлеумет 21.08.2023, 04:31 897
Алматыдағы екі шағын ауданда су құбыры желілері мен кәріз жүйесі пайда болады   
Сурет: ашық дереккөз

Бүгін Алматы қаласы Алатау ауданының «Теректі» шағын ауданында инженерлік желілердің құрылысы басталды. 66 км сумен жабдықтау және су бұру желілері салынады. Қазіргі уақытта Мәртөк, Тастөбе және Түйемойнақ көшелерінде жұмыстар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Құрылыс жұмыстарын 2024 жылдың қараша айында аяқтап, жобаны пайдалануға беру жоспарланған. Осылайша, «Теректі» шағын ауданының 7 мыңнан астам тұрғыны орталық су құбыры және кәріз желілерімен қамтамасыз етіледі.


Биыл тамыз айының соңына дейін «Рахат-Мәдениет» шағын ауданы бойынша 131,7 км инженерлік желілердің құрылысы басталады. Қазіргі кезде құрылыс жұмыстарына техникалық дайындық жүргізілуде, ол 2024 жылдың желтоқсан айына дейін жалғасады. Жобаны іске асыру барысында 14 мыңнан астам тұрғын орталық су құбыры және кәріз желілерімен қамтамасыз етіледі.



«Тапсырыс беруші ретінде жобаларда жұмыс аяқталған соң шұңқырдың алдын алу үшін сығылмайтын топырақпен қайта толтыруды, ал бұрын асфальтталған көшелер бойынша жол төсемін қалпына келтіруді қарастырдық. Желілер құрылысы аяқталған кезде жол-құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты көлік қозғалысында уақытша қолайсыздықтар туындауы мүмкін. Бұл жұмыс біздің тұрақты бақылауымызда болады», - деді Алатау ауданының әкімі Азамат Қалдыбеков.



Аудан әкімдігі Алатау ауданындағы ретсіз құрылыстарға байланысты Алматыға қосылғанға дейін де жеке үйлер орталық кәрізсіз салынғанын айтты. Жеке сектордағы сұйық қалдықтар ауладағы септиктерге қосылып, топырақ пен жер асты суын ластайды, олардың деңгейін жоғарылатады.



«Соның нәтижесінде кей жерде жер асты суы үнемі жер бетіне шығады. Мұны шешу үшін 2023 жылы республикалық бюджеттен кәріз желілерін салуға қаражат бөлінді. Қазір іске асырылып жатқан жоба әзірленді. Жеке секторда жаңа желілерді салу – қала билігі алдындағы басым міндеттің бірі», - деді Азамат Қалдыбеков.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#әлеумет #Су құбыры #кәріз желісі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.