ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыдағы №50 мектепте соңғы 30 жыл уақыттан кейі...

Алматыдағы №50 мектепте соңғы 30 жыл уақыттан кейін алғаш рет сейсмикалық күшейту жүргізілді

Әлеумет 17.01.2026, 17:35 237
Алматыдағы №50 мектепте соңғы 30 жыл уақыттан кейін алғаш рет сейсмикалық күшейту жүргізілді
№50 мектеп
№50 мектеп ғимаратында күрделі жөндеу және толық сейсмикалық күшейту жұмыстары аяқталды. Білім беру ұйымы қауіпсіздік пен жайлылықтың заманауи талаптарына толық сай келді. Қазіргі таңда мектеп...

№50 мектеп ғимаратында күрделі жөндеу және толық сейсмикалық күшейту жұмыстары аяқталды. Білім беру ұйымы қауіпсіздік пен жайлылықтың заманауи талаптарына толық сай келді. Қазіргі таңда мектеп оқушыларды қабылдап жатыр. Бұл туралы Алматы қаласының Білім басқармасының өкілдері айтты. Мектеп ғимараты 1970 жылы салынған, ал соңғы рет сейсмикалық күшейту жұмыстары 1996 жылы жүргізілген. Жөндеу барысында негізгі құрылымдар күшейтіліп, ішкі бөлмелер мен инженерлік жүйелер толық жаңартылды. 

«Біздің мектеп үшін бұл тек жөндеу жұмыстарының аяқталуы ғана емес, жаңа кезеңнің басталуын білдіреді. 1970 жылы салынған ғимарат бүгінде қауіпсіздіктің ең қатаң талаптарына және заманауи білім беру сұраныстарына толық сай келеді. Біз сейсмикалық күшейту арқылы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, олардың қызығушылықпен оқып, жан-жақты дамуына қолайлы орта қалыптастыруды мақсат еттік. Жаңартылған сыныптар, жаңа ойын және спорт алаңдары — бұл оқушыларымыздың болашағына салынған инвестиция», — деді №50 жалпы білім беретін мектептің директоры Айдана Хасенова. 

Ішкі жұмыстармен қатар мектеп аумағында кешенді көріктендіру жүргізілді. Оқу сыныптары жабдықталып, қолданыстағы кабинеттер қайта жаңғыртылды және қосымша кабинеттер ашылды. Сонымен бірге екі балалар ойын алаңы салынды, футбол және баскетбол алаңдары жабдықталды, аумақ асфальтталып, сыртқы жарықтандырудың жаңа тіректері орнатылды және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.

 «Жөндеуден кейін мектептің қайта ашылуын асыға күттік. Барлығы ойлағанымыздай болды: сыныптар жарық әрі заманауи, ал мектеп аумағында спортпен шұғылдануға арналған тамаша алаңдар пайда болды. Ең бастысы, сейсмикалық күшейту жұмыстарының арқасында балаларымыздың қауіпсіздігіне деген сеніміміз артты», — деді мектептің ата-аналар комитетінің өкілі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,423 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.