AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы құшағында / Алматыдағы 190 діни бірлестік қоғамдық жұмыстан қа...

Алматыдағы 190 діни бірлестік қоғамдық жұмыстан қалмайды

Алматы құшағында 29.04.2026, 13:01 194 yakiya
Алматыдағы 190 діни бірлестік қоғамдық жұмыстан қалмайды
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматыда қазір 17 конфессияға жататын 190 діни бірлестік жұмыс істейді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қаласы Дін істері басқармасының басшысы Нұрлан Қиқымов осылай деп мәлімдеді.

Дін істері басқармасы конфессияаралық диалогты жүйелі түрде дамытып, діни іс-шаралардың қауіпсіздігін үйлестіріп, қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған бірлескен әлеуметтік бастамаларды жүзеге асырып отырады.

Спикердің айтуынша, Алматыда 120 діни нысан бар екен, оның 56-сы мешіт, 23 православ шіркеуі мен 8 католик шіркеуі, 89 протестант қауымдастығы және бар. 4 діни оқу орны, 7 намазхана мен діни әдебиет тарататын 31 стационарлық пункт те қызмет етеді. 136 миссионер тағы тіркеліпті.

«Біздегі дін ұстанатындардың басым бөлігі мұсылмандар мен православтар. Мешіттерге тұрақты түрде 80 мыңнан астам адам барады, православ шіркеуіне шамамен 20 мың адам, протестанттық бірлестіктерге 30 мыңға жуық адам барып тұрады», – деп толықтырды өз сөзін Нұрлан Қиқымов.

Конфессияаралық келісімді нығайтатын диалог алаңы да дамып жатыр. Қалада діни бірлестік басшыларының клубы жұмыс істейді, ол конфессиялар мен мемлекеттік органдарды байланыстыратын маңызды тетікке айналған.

Былтыр клуб 20 іс-шара өткізді, оның ішінде Қазақстан халқының бірлігі күні мен Конституция күніне арналған кездесу, форумдар, экологиялық акциялар мен спорттық іс-шаралар бар. Биыл да осы жұмыс жалғасып, клуб кемінде 20 іс-шара өткізуді жоспарлап отыр, бірінші тоқсанда-ақ конфессияаралық диалогты нығайтуға бағытталған 4 кездесу өтті.

«Клуб қызметінің маңызды ерекшелігі – діни бірлестіктер бастамаларын өзара қолдау. Басқарма мен клуб мүшелері қаладағы түрлі конфессиялар ұйымдастыратын іс-шараларға белсене қатысады», – деп атап өтті спикер.

Діни бірлестіктер қала өміріне де араласып жатыр. Атап айтқанда, олар «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысып, сенбілік өткізіп, аумақты абаттандыру жұмысына да атсалысып жүр. Дін істері басқармасы мен «Social Development Center» қоғамдық қоры бірлесіп ұйымдастырған, 700-ден астам адамды қамтыған Бутаков шатқалындағы үлкен сенбілік соған мысал.

Тағы бір маңызды бағыт – діни іс-шаралардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. 2025–2026 жылдары басқарма Рождество, Пасха, Рамазан мен Ораза айт сияқты негізгі діни мерекелерді өткізу жұмысын үйлестірді. Барлық іс-шаралар заң шеңберінде, оқыс оқиғасыз штаттық режимде өтті.

Қорытындылай келе, спикер Алматыда діни ахуалдың тұрақты әрі бақылауда екенін, конфессиялар арасында ынтымақтастық бар екенін атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Диалог
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);