AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда жылыту маусымына дайындық аяқталуға жақын

Алматыда жылыту маусымына дайындық аяқталуға жақын

Әлеумет 28.08.2026, 12:12 245
Алматыда жылыту маусымына дайындық аяқталуға жақын
Алматы әкімдігі

Алматыда қала шаруашылығын 2026-2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындау жұмыстары жалғасып келеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен кеңесте жұмыс барысы талқыланды. Коммуналдық және энергетикалық кәсіпорындар бекітілген кестеге сәйкес тиісті іс-шараларды орындауда.

Әсіресе, тұрғын үй қоры мен әлеуметтік нысандарға ерекше назар аударылып отыр. Бүгінде көппәтерлі тұрғын үйлердің басым бөлігі қысқа дайын. Білім беру мен денсаулық сақтау нысандарындағы дайындық жұмыстары да толық аяқталған.

Жылу көздері мен инженерлік желілерде гидравликалық сынақтар жүргізіліп, ағымдағы жөндеу және жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Биыл 20 шақырымнан астам жылу желісін жаңарту жоспарланған. Сонымен қатар жылу оқшаулағыштары ауыстырылып, негізгі жабдықтар қысқы жүктемеге дайындау көзделген.

Қалалық жылу көздерінде негізгі жабдықтар жөнделіп, қажетті отын қоры жасақталып жатыр. Жоспарланған іс-шаралардың басым бөлігі орындалды. Қазандықтар дайындықтың соңғы кезеңінен өтіп, іске қосу-баптау жұмыстары қолға алынған.

Сондай-ақ, электр инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары да жалғасып жатыр. Электр беру желілері, қосалқы станциялар мен трансформаторлық жабдықтар жаңартылуда. Газбен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінде де жоспарлы жұмыстар жүргізілуде.

Қаланың тіршілігін қамтамасыз ететін өзге де жүйелерді дайындау жалғасуда. Газ құбырларының жоспарланған учаскелерін қайта жаңғырту жұмыстары аяқталуға жақын, жабдықтарға техникалық қызмет көрсетілуде. Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінде де инженерлік желілерді қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Коммуналдық және энергетикалық кәсіпорындар суық түскенге дейін қыс мезгілінде қала инфрақұрылымының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін қалған жөндеу және іске қосу-баптау жұмыстарын аяқтауға тиіс.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жылыту маусымы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17

Бір жарым жыл бойы салмақ қосып жатырмын деп ойладым: Алматыда дәрігерлер әйелге көмектесті

Бүгін 12:05

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);