AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда жылу магистралін қайта жаңғыртуға байланы...

Алматыда жылу магистралін қайта жаңғыртуға байланысты Арықов көшесіндегі қозғалыс уақытша шектеледі

Алматы 05.09.2026, 18:54 306
Алматыда жылу магистралін қайта жаңғыртуға байланысты Арықов көшесіндегі қозғалыс уақытша шектеледі

Алматыда 2026 жылы 5 қыркүйек пен 10 қазан аралығында Арықов көшесінің Жетісу көшесінен Жангелдин көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы толығымен жабылады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Мұндай шектеу жылу магистралін қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу үшін қажет. Бұл туралы қалалық Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының өкілдері хабарлады.

Сонымен қатар, 12-25 қыркүйек аралығында Арықов және Жангелдин көшелерінің қиылысында көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Алайда Жангелдин көшесі толық жабылмайды. Шектеу тек оның Арықов көшесімен қиылысатын бөлігіне енгізіледі.

Жөндеу жұмыстары кезінде жүргізушілер Райымбек даңғылы мен Мақатаев көшесі арқылы айналып өте алады. Ал маңайдағы көшелердегі қозғалыс бекітілген жол қозғалысын ұйымдастыру сызбасына сәйкес реттеледі.

Жұмыс жүріп жатқан аумаққа уақытша жол белгілері, қоршаулар мен бағыттаушы белгілер қойылады. Мердігер ұйым жүргізушілер мен жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндеттелді.

Қала тұрғындары мен қонақтарынан бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша шектеуді ескеріп, жол белгілерінің талаптарын сақтауды сұраймыз.

Уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#көлік қозғалысы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19

Алматының Жетісу ауданында ұзындығы бір шақырымнан асатын аллея көркейтіліп, «Жетісу» саябағы жаңартылды

Бүгін 10:44

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қашан өтеді?

Бүгін 10:11

Сәрсенбі күнгі ауа райы мәліметі

Бүгін 09:05

Президент тапсырмасына сәйкес автожол саласын реформалау жөніндегі үкіметтік жұмыс тобы құрылды

Бүгін 08:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);