AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматыда жыл басынан бері магнит жұтып қойған 15 б...

Алматыда жыл басынан бері магнит жұтып қойған 15 бала ауруханаға түсті

Медицина 08.09.2026, 14:13 276
Алматыда жыл басынан бері магнит жұтып қойған 15 бала ауруханаға түсті
Алматы әкімдігі

Магниттер ағза ішінде бір-біріне тартылып, ішкі ағзаларды зақымдап, ауыр асқынуға әкелуі мүмкін, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматыда балалардың магнитті шариктерді жұтып қою жағдайы әлі де тіркеліп жатыр. Жыл басынан бері осындай жағдаймен Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығына 15 бала жеткізілген. Бір ғана кезекшілік кезінде үш балаға шұғыл ота жасауға тура келген. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері хабарлады.

Алғашқы науқас – 2 жастағы бала. Ол ауруханаға ішінің ауырсынуына байланысты жеткізілген. Тексеру барысында дәрігерлер оның ағзасынан бөгде заттарды анықтады. Шұғыл жасалған ота кезінде хирургтер баланың ағзасынан 25 магнит алды.

Арада бірнеше сағат өткенде қабылдау бөліміне 2,5 жастағы тағы бір бала жеткізілді. Ол құсу мен ішінің ауырсынуына шағымданған. Тексеруден кейін дәрігерлер оған да шұғыл ота жасап, ағзасынан 9 магнит алып шықты. Отадан кейін бала 10 күн стационарда ем қабылдады.

«Үшінші бала сол кезекшілік кезінде таңға жуық, кезекшілік аяқталар тұста түсті. Жасы 4-ке де толмаған. Іші қатты ауырып, әлсіздік пен құсу белгілері байқалды. Тексеру барысында асқазан-ішек жолынан көптеген бөгде зат анықталды. Баланың аш ішегінен 59 магнит алып шыққан кезде мұндай жағдай дәрігерлердің өзін таңғалдырды. Медициналық көмекке жүгінген сәтте қауіпті заттар аш ішектің қабырғасын тесіп үлгерген. Бұл 1 тамыздағы кезекшілік кезінде жасалған ең күрделі оталардың бірі болды», – деді Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығы қабылдау бөлімінің хирургі Айбол Сұлтанбеков.

Дәрігерлердің мәліметінше, жыл басынан бері орталыққа магнит жұтып қойған 15 бала жеткізілген. Мұндай жағдай аса қауіпті. Өйткені, бірнеше магнит ағза ішінде бір-біріне тартылып, ішкі ағзаларды зақымдап, ауыр асқынуға әкелуі мүмкін.

Дәрігерлер ата-аналарды магнитті шариктер мен осыған ұқсас ойыншықтарды кішкентай балалардың қолы жететін жерге қоймауға шақырады. Сондай-ақ, балалардың қандай заттармен ойнап жүргенін үнемі қадағалау қажеттігін ескертеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19

Алматының Жетісу ауданында ұзындығы бір шақырымнан асатын аллея көркейтіліп, «Жетісу» саябағы жаңартылды

Бүгін 10:44

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қашан өтеді?

Бүгін 10:11

Сәрсенбі күнгі ауа райы мәліметі

Бүгін 09:05

Президент тапсырмасына сәйкес автожол саласын реформалау жөніндегі үкіметтік жұмыс тобы құрылды

Бүгін 08:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);