AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Алматыда «Жеті мектеп - бір мұрат» атты күй кеші ө...

Алматыда «Жеті мектеп - бір мұрат» атты күй кеші өтеді

Мәдени Алматы 15.09.2026, 11:03 254
Алматыда «Жеті мектеп - бір мұрат» атты күй кеші өтеді
Ұйымдастырушылар ұсынған

Дәстүрлі күй өнерінің бай мұрасын таныстырады, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматыда Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің ұйымдастыруымен ұлттық музыка өнерінің жауһары – күйді дәріптейтін «Жеті мектеп - бір мұрат» атты ұлттық музыка өнеріміз күй кеші өтеді.

Ұлттық оркестрдің концерті дәстүрлі күй өнерінің бай мұрасын, оның сан қырлы орындаушылық дәстүрін және ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан рухани сабақтастығын таныстырады.

Күй – қазақ халқының тарихы мен тағдырын, елдік рухын, табиғатпен үндес болмысын  ұлттық аспаптар үні арқылы жеткізген бірегей өнер. Бұл кеште дәстүрлі күйдің көркемдік қуаты ұлттық оркестрдің кең тынысты орындау мәнерімен сабақтасып, көрерменге ерекше музыкалық әсер сыйлайды.

Концерттің арнайы қонақтары – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері  Саян Ақмолда,  сыбызғышы,  ҚР Мәдениет қайраткері Талғат Мұқышев және дәстүрлі әнші  Біржан Бәзілжан.

Оркестрдің көркемдік жетекшісі – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Батыржан Мықтыбаев.

Дирижерлар: «Құрмет» орденінің иегері Абылай Тілепберген   Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жексен Айсын, Халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты Нарын Кажгали.

Өтетін күні: 18 қыркүйек, 2026 ж.

Өтетін орны: Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің концерттік залы. Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 83 үй.

Басталуы: 19.00

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17

Бір жарым жыл бойы салмақ қосып жатырмын деп ойладым: Алматыда дәрігерлер әйелге көмектесті

Бүгін 12:05

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19

Алматының Жетісу ауданында ұзындығы бір шақырымнан асатын аллея көркейтіліп, «Жетісу» саябағы жаңартылды

Бүгін 10:44

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қашан өтеді?

Бүгін 10:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);