конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда Жастар күнін кең көлемде атап өтуге Прези...

Алматыда Жастар күнін кең көлемде атап өтуге Президент айқындаған құндылықтар негіз болды

Алматы 13.08.2026, 14:40 94
Алматыда Жастар күнін кең көлемде атап өтуге Президент айқындаған құндылықтар негіз болды
Алматы әкімдігі

Алматыда Халықаралық жастар күніне орай ұйымдастырылған ALMA LOVE 2026 жастар фестивалі аяқталды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Он күн ішінде фестивальге 20 мыңнан астам алматылық жас қатысып, бағдарлама аясында 50-ден астам мәдени, білім беру, спорттық, экологиялық және қоғамдық іс-шара ұйымдастырылды. Бұл туралы қалалық Жастар саясаты басқармасы хабарлады.

Фестивальдің гранд-финалы 12 тамызда «Шабыт» жазғы амфитеатрында өтті. Фестивальдің негізгі тақырыптары «Адал азамат» құндылықтары, «Заң мен тәртіп» қағидаты және «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы болды.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, өскелең ұрпақтың бойындағы патриотизм – болашаққа деген шынайы ұмтылыс. Президент жастарға, олардың күш-жігеріне, таланты мен біліміне үлкен сенім артады. Біз өз тарапымыздан осы сенімді нақты істермен ақтап, жастардың жан-жақты дамуына жағдай жасауымыз керек», – деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов өз сөзінде.

Бүгінде Алматыда 770 мыңға жуық жас тұрады. 2026 жылы қала алғаш рет QS Best Student Cities рейтингі бойынша әлемдегі үздік студенттік қалалардың ТОП-80 қатарына енді. Жас ғалымдарға арналған өңірлік ғылыми гранттар енгізіліп, 30 жоба қолдауға ие болады. Сондай-ақ «Жастар қатысатын бюджет», Youth Nomads және қалалық комьюнити-орталықтардың жобалары жүзеге асырылуда.

«Заң мен тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» бастамасына ерекше көңіл бөлінуде. Қалада мыңнан астам жастың басын қосқан «Әділет жастар одағы» жобасы жүзеге асырылуда. Алматыда отырғызылған әрбір үшінші көшет жастардың қатысуымен егілді.

Экологиялық бағыт ALMA LOVE бағдарламасында да кеңінен қамтылды. Фестивальде «Эко-Трак» – Алматыдағы алғашқы жылжымалы интерактивті экологиялық зертхана жұмыс істеді. Ол бөлек жиналған қалдықтарды қабылдауды экологиялық ағартушылық жұмыстармен ұштастырады. Финал барысында көрермендерді қоғамдық орындардың тазалығын сақтауға және қоқыс қалдырмауға шақырды.

Фестиваль бағдарламасына волонтерлік және әлеуметтік жобалар, ұлттық ойындар, зияткерлік алаңдар мен шығармашылық байқаулар да енді. Қазақ тіліне, білім мен мәдениетке арналған жеке блок ұйымдастырылды. Ал финалда спорт, мәдениет, волонтерлік, әлеуметтік және инклюзивті бастамаларды дамытуға үлес қосқан алматылық жастар марапатталды.

Музыкалық бағдарламаны «Сардар» тобы, AZHAR NAZAR, Ualimyrza, Ualikhan, KENZHE, Қазыбек Құрайыш және Нұржан Керменбаев жалғастырды. Кеш Алматы жастарының әнұранын орындаумен аяқталды.

ALMA LOVE фестивалі қалада екінші жыл қатарынан өткізіліп отыр. 2025 жылы оған 5 мыңнан астам адам қатысса, 2026 жылы фестиваль 20 мыңнан астам алматылық жастың басын қосты.

«Заманауи жастар саясаты – тек іс-шаралар мен жобалар ғана емес. Бұл – патриотизмді нақты іс-әрекетімен көрсететін, «Адал азамат» құндылығын адал еңбек пен жауапкершілік арқылы танытатын, «Заң мен тәртіп» қағидатын заңға және айналасындағыларға құрметпен ұстанатын, ал «Таза Қазақстан» идеясын өз қаласына күнделікті қамқорлық жасау арқылы жүзеге асыратын ұрпақты қалыптастыру», – деп қорытындылады Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Азиз Қажденбек.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жастар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда бір палаталы Құрылтай жұмыс істей бастайды

Бүгін 09:49

Жаңа Конституция – жасампаз әрі озық Қазақстанның негізі

Бүгін 09:46

Алматыда бір тәулікте 1 357 жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі анықталды

Бүгін 09:27

Канье Уэсттің концерті басталуына санаулы минуттар қалды

Кеше 20:48

Алматы және Алматы облысындағы тұтынушылардың электрмен жабдықталуы қалпына келтірілді

Кеше 20:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);