AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Алматыда жасанды интеллект пен цифрлық технологиял...

Алматыда жасанды интеллект пен цифрлық технологияларға арналған AITK Fest 2026 жастар фестивалі өтеді

Білім және ғылым 05.08.2026, 10:37 415
Алматыда жасанды интеллект пен цифрлық технологияларға арналған AITK Fest 2026 жастар фестивалі өтеді
Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Фестивальге мыңнан астам қатысушы келеді деп күтілуде, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

2026 жылы 9 тамызда Алматыда жасанды интеллект, цифрлық технологиялар және технологиялық кәсіпкерлікке арналған ең ірі жастар фестивальдерінің бірі – AITK Fest 2026 өтеді. Іс-шара талантты мектеп оқушыларын, жас әзірлеушілерді, стартаптарды, жетекші IT және AI-компанияларды, жоғары оқу орындарын, бизнес, мемлекеттік органдар мен сарапшылар қауымдастығының өкілдерін бір алаңға біріктіреді.

Фестиваль Алматы қаласының Цифрландыру басқармасының қолдауымен ұйымдастырылады және жастар арасында жасанды интеллект, цифрлық технология мен технологиялық кәсіпкерлік экожүйесін дамытуға бағытталған.

Фестивальдің басты тақырыбы – жасанды интеллектіні тәжірибеде қолдану. Алаңда қазақстандық компаниялар мен стартаптардың заманауи AI-шешімдері, білім беру, мемлекеттік басқару, бизнес, автоматтандыру және цифрлық сервистер саласындағы инновациялық өнімдері таныстырылады.

Фестиваль бағдарламасында:

  • 10–11-сынып оқушылары арасында AI және IT-шешімдерді әзірлеу бойынша хакатон;

  • жас технологиялық кәсіпкерлердің қатысуымен өтетін Startup Battle;

  • технологиялық өнімдер мен цифрлық сервистердің таныстырылымы;

  • саланың жетекші сарапшылары мен көшбасшыларының баяндамасы;

  • жоғары оқу орындарының, технологиялық компаниялар мен серіктестердің көрме аллеясы;

  • жасанды интеллект пен цифрлық технологияларға арналған білім беру және интерактивті алаңдар.

Фестивальге мыңнан астам қатысушы келеді деп күтілуде. Фестиваль қорытындысы бойынша байқау бағдарламасының 50 жеңімпазы анықталады.

Өтетін күні: 2026 жыл 9 тамыз.

Уақыты: сағат 09:00.

Мекенжайы: Алматы қаласы, Рысқұлбеков көшесі, 28, Қазақ-Америка университетінің базасында.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #цифрландыру #Жасанды интеллект
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19

Алматының Жетісу ауданында ұзындығы бір шақырымнан асатын аллея көркейтіліп, «Жетісу» саябағы жаңартылды

Бүгін 10:44

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қашан өтеді?

Бүгін 10:11

Сәрсенбі күнгі ауа райы мәліметі

Бүгін 09:05

Президент тапсырмасына сәйкес автожол саласын реформалау жөніндегі үкіметтік жұмыс тобы құрылды

Бүгін 08:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);