Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда жаңа екі медициналық мамандық енгізілмек

Алматыда жаңа екі медициналық мамандық енгізілмек

Алматы Бүгін 20:38 41
Алматыда жаңа екі медициналық мамандық енгізілмек
жоғары медициналық-стоматологиялық колледж

Алматыда жаңа екі медициналық мамандық енгізілмек. Бұл туралы Профессор Рузуддиновтың жоғары медициналық-стоматологиялық колледждің директоры Нұрмұхамет Саурбекұлы айтты, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Нұрмұхамет Саурбекұлы, Алматы әрқашан еліміздің медициналық хабы болған. Бірақ егер сіз қалалық емханаларды аралап немесе стоматологияны қарасаңыз, біз екі түрлі әлемде өмір сүріп жатқандай сезінеміз. Бір жерде тістер 3D-принтерлерде басып шығарылады, ал бір жерде тіркеу бөлімі әлі де қарбалас уақыттағы вокзалға ұқсайды. Ағымдағы алшақтықты қалай бағалайсыз?

Сіз «екі әлем» туралы өте дәл айттыңыз. Бір жағынан, Алматының стоматологиясы техникалық жағынан жоғары деңгейде алға жылжыды. Бұл салада цифрландыру толыққанды, түбегейлі енгізілді. Осыдан 10 жыл бұрын цифрлық деңгейде тіс протезін жасау тхнологиясын енгіздік. Қазір бұл технология толығынан игерілді. Сонымен қатар бұл алдыңғы қатардағы технологиямен жұмыс істейтін кадрлар жеткіліксіз. Кадр дайындайтын арнайы жоспар программалар жоқ. Демек, тапшылық зор.

Бірақ бұл жай ақ халат киген адамдардың тапшылығы емес. Бұл жаңа форматтағы мамандардың тапшылығы. Біздің қалада стоматология саласының  жалпы практика дәрігерлері жеткілікті, бірақ «цифрлық» техниктер, IT-дәрігерлер, тіркеу буынының сауатты ұйымдастырушылары жоғары деңгейде жетіспейді. Медбикелер тіркеушілердің жұмысын жасайды, тіс техниктері  цифрлық операторларының жұмысын жасайды. Осындай жұмыста пациенттер мүдделері орындалмай жұмыс ұзаққа созылып, әртүрлі конфликтер пайда болады.

Бұл жағдайдан шығудың жолы бар ма? 

Біз «Talap» КЕАҚ-ға екі жаңа мамандық енгізу туралы ұсыныс жібердік. Біріншісі, тіс технигінің орнына, ең жоғары технологиялық процесті игеретін – «тіс зертханасының модераторы» деген мамандық. Білмейтін оқырманға «әлеуметтік желілердегі модераторға» ұқсастық болғанымен, бірақ мұндағы мән мүлдем басқаша. Ол мамандық иесі жоғарғы деңгейдегі цифрлық технология арқылы тіс протездерін пациентке бірнеше сағатта дайындап береді.

Есіңізге салайын: Бұрын тіс технигі бірнеше сағат бойы тістен өлшем алып, алынбалы протездерді модельдеп, материалдан протез жасап отырған қолөнерші болған. Бір тіс протезін жасау үшін бірнеше күн жұмыс істеген. Бүгінде бұл жоғары дәлдіктегі өндіріс операторы. Компьютер арқылы өлшем алған соң компьютер программасы бойынша тіс технигі бағдарламада протездер мен тістерді модельдейді, сонан соң фрезерлік станок немесе 3D принтер дайын құрылымды әртүрлі материалдардан жасап протез етіп,береді. Қазіргі уакытта техник жатылай инженер – конструктор, жартылай суретші. Жаңа технологияның артықшылығын айтып жеткізу өте қиын.

Бірақ егер компьютер бәрін жасаса, техник не үшін қажет? Машинаны қою оңай емес пе?

Автомат науқастың бетін көрмейді. Тіндердің клиникалық морфологиялық ерекшелігін сезбейді. Тіс биомеханикасын әр адам ерекшелігіне сәйкестіре алмайды. Тіс модератор  процесті технологияның стандарты бойынша жүргізіп отырады. Цифрлық технологияны практикаға енгізуде біздің колледж алдыңғы қатарда. Қазақстанда осы цифрлық технология бойынша толық алынбалы протездерді дайындауды үйрететін жалғыз колледж.

Бұрын тістері мүлдем жоқ науқастарға протез жасау үшін 5-14 күнге дейін, тіпті одан да көп уақыт қажет болатын. Енді бұл процессті  бір күнде бітіруге болады! Компьютер протездің негізін және жасанды тістерін өзі жасап шығарады. Тіс операторы тіс протезін «ойыншық конструктор жинағандай» жинап протездік негізде жабыстырады.  Жылдамдық 10 есе өсті, ал сапасы да жоғары деңгейде. Бірақ мұндай маманның тілін «техник» деп атауға болмайды. Бұл цифрлық өндіріс модераторы.

Дәл қазір мұндай кадрлар қажет пе?

Өте қажет, Алматының әрбір заманауи зертханасында осындай маман болмаса болмайды. Әзірге емхана иелері мамандарды бір-бірінен сатып алады немесе оларды шетелде оқытады. Біз бұл қажеттілікті жабу үшін, жаңа форматта, жаңа мамандықты игеретін маман дайындағымыз келеді. Осы уақытқа дейін бұр мәселе түбегейлі шешілген жоқ.

Жарайды, стоматология «цифрланған». Сіз екінші мамандық туралы айттыңыз ғой?

Ия, және ол емханалардағы ең ауыр мәселеге қатысты. Біз «емханалық тіркеушіні» енгізуді ұсынамыз. Қазір Алматының кез келген емханасында сіз тіркеу бөлімінде ұзын соңды кезектегі науқастарды көресіз. Сонан соң кезектен  дәрігерге кірген кезде сіздің қан қысымыңызды өлшеп,  учаскелік медбике медициналық  бағдарламаға бірнеше уақыт бойы  сіздің жеке деректеріңізді компьютерге жүктеп тастайды, анализдерге бағыт береді. Сіздің  ауру тарихыңызды толтырады. Керек болса, «Даму» порталымен және басқа да ақпараттық жүйелермен араласады. Ол медбике емес, кеңсе қызметкері ретінде көпжұмыс істейді. Бұл мамандық үшін тиімсіз дұрыс емес.

Тіркеуші не көмектеседі? Тек «жылдам компьютерге  теру» керек пе?

Бар медициналық информацияны жылдам жинап, оны басып шығару – бұл біздің базамыз, іргетасымыз.  Біз медициналық ақпараттық жүйелерді жетік білетін маман дайындағымыз келеді: «Даму» (аурухана парақтарын тіркеу), ауру тарихы, электрондық кезектер, тіркемелер, квоталар. Бұл медицина әлеміндегі ІТ маманы маманының ісі. Сондақтан 3 жыл арнайы дайындалған медбикені тіркеу бөліміне, информация толтыруға қою, мемлекетіміздің мейірбикеге қойған талабына сай келмейді. Сондықтан біздің ұсынысымыз осы салаға ІТ-регистр деген маман дайындасақ. Оның оқу мерзімі де 1-2 жыл болса жеткілікті. Тіркеуші медициналық қызметкерлерден «қағаз» жүктемесін алып тастайды. Дәрігер емдейді, медбике күтім жасайды, ал Тіркеуші бүкіл цифрлық құжат айналымын өз мойнына алады.

Сіз дәрігерді планшеттен «түсіріп», оны науқасқа қайтаруды ұсынасыз ба?

Дұрыс. Бұл өте тиімді, әрі дәрігердің деңгейін көтеретін амал. Біз уақытты дәрігерге қайтарамыз, ал пациенттер дәрігермен толық сөйлесіп, толық мағлұмат алуына мүмкіндік береді. Бұл квоталардың қолжетімділігін де, қызмет көрсету жылдамдығын да арттырады. Медбикеде өз жұмысын толыққанды жасауға мүмкіндік алады.

Нұрмұхамет Саурбекұлы, консервативті медициналық қоғамдастық: «келесі сән, біз ескі мектепті қалаймыз, онда техник бәрін қолымен жасайды, ал медбике бәрін қағазға жазады» деп айтудан қорықпаймыз ба?

Мен қорықпаймын. Өйткені «ескі мектеп» пациенттер ағыны мен жабдықтың күрделілігін жеңе алмайды. Біз пациентке протез қажет болатын жағдайдды, қысқа мерзімде, сапалы тіс протезін жасап беретін болсақ ал емханада электронды амбулаториялық журнал пациентке дәрігерге уақтылы барып, сапалыемін алуын қамтамасыз етсе. Пациент риза болса одан артық медицина қызметкерінің арманы болмайды. Колледж директоры ретінде менің міндетімбейімделген, білікті мамандарды дайындау. Біздің әрбір түлек жаңа технологиямен жұмыс істейттін пациент сұраныстарын толық шешетін маман болу керек. Егер біз мұны қазір жасамасақ, 5-10 жылдан кейін біз әлемдік стандарттардан біржола артта қаламыз. Ал Алматы заманауи, алдыңғы технологиялармен қамтамасыз етілген болу керек.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #медицина #мамандық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда "Құқық + AI: құқығыңды біл" атты экспромт-кездесу өтті

Бүгін 21:12

Сенімділік – жаңа күш: The National Interest басылымында Тоқаевтың мақаласы шықты

Бүгін 20:42

Дархан Сатыбалды Алматы инвесторлары және кәсіпкерлерімен кездесу өткізді

Бүгін 17:25

Референдум-2026: қала жұмыс ырғағында

Бүгін 17:12

5 жыл бұрынғы рекорд жаңарды: Алматыда +23 градус тіркелді

Бүгін 16:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі