ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда заңсыз көше саудасына қарсы жаппай тазарт...

Алматыда заңсыз көше саудасына қарсы жаппай тазарту жүргізілуде

Әлеумет 05.03.2025, 12:00 886
Алматыда заңсыз көше саудасына қарсы жаппай тазарту жүргізілуде
Алматы қаласы әкімдігі
Алматыда тағы бір заңсыз сауда нысаны сүрілді: Қонаев және Яссауи көшелерінің қиылысындағы бургер сататын дүңгіршек бұзылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Алматыда тағы бір заңсыз сауда нысаны сүрілді: Қонаев және Яссауи көшелерінің қиылысындағы бургер сататын дүңгіршек бұзылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Алматыда заңсыз стационарлық емес сауда нысандарын (СЕСН) жаппай сүру жұмыстары жалғасып отыр. Кезекті бұзылған нысан – Наурызбай ауданындағы Қонаев және Яссауи көшелерінің қиылысында орналасқан бургер дайындайтын дүңгіршек.

Бұл сүру жұмыстары Алматы қаласы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен қала әкімдігі бастаған заңсыз орнатылған СЕСН-дарды жою науқаны аясында жүргізіліп жатыр.

2025 жылдың 4 ақпанынан бастап Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы Жұмыс тобымен бірлесіп көше саудасы нысандарын жоюға кірісті. Бүгінгі таңда мемлекеттік қор жерінде орналасқан 300-ден астам СЕСН бұзылды.

Бұл жұмыс аясында 222 ойын автоматы (силомер) алынып тасталды. Сондай-ақ, қалада жер телімдеріне орналасқан 32 күрделі құрылыс нысаны анықталды. Жұмыс тобы оларды мәжбүрлі түрде сүру үшін сотқа талап-арыз жолдады.

Алматының Медеу ауданының тұрғыны Татьяна Касаткина дүңгіршектер бұзылғасын қала кеңейіп, тазарып, жаяу жүргіншілерге арналған орын көбейгенін айтады.

«Достық даңғылы бойындағы, соның ішінде «Достық Плаза» сауда орталығы мен «Орбитадағы» дүңгіршектерді алып тастағанына өте қуаныштымыз. Бұрын фастфуд тұтынушыларынан қалған қоқыс үйінділері, арықтағы егеуқұйрықтар жиі байқалатын. Біздің халыққа тамақтану мәдениеті мен тазалықты сақтауды үйрену керек, себебі тамақтанып болған соң қалдықтарын жерге, асфальтқа тастай салады. Дүңгіршектердің маңындағы қоқыс жәшіктері жиі толып тұратын. Оның үстіне, фастфуд денсаулыққа зиян ғой. Осындай орындардағы қызметкерлердің тазалығы мен тамақ дайындау санитарлық нормалары да күмән тудырады. Медеу ауданы туристер жиі келетін орын болғандықтан, қаланың жалпы келбеті маңызды. Көктемге дейін қаламыз тазарып, әдемі және жайлы болса екен», – деді Т.Касаткина.

Қалған 210 СЕСН-ді бұзу жұмыстары 15 наурызға дейін аяқталады. Коммуналдық қызмет бұл нысандарға заңсыз қосылған инженерлік желілерді ажыратып жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,441 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,255 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,319 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,985 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,183 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.