AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Алматыда XXII Халықаралық PR форумы өтеді

Алматыда XXII Халықаралық PR форумы өтеді

Мәдени Алматы 14.04.2026, 09:08 624
Алматыда  XXII Халықаралық PR форумы өтеді

21–22 мамыр күндері Алматыда PR-шы клубы мен PG Communications агенттігінің ұйымдастыруымен XXII Халықаралық PR форумы өтеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бұл – PR, маркетинг және медиа саласындағы мамандар үшін негізгі кәсіби алаң. Форум Қазақстанның Ұлттық PR қауымдастығы (НАСО РК) мен ICCO Халықаралық PR қауымдастығының қолдауымен ұйымдастырылады.

Екі күн бойы форум алаңы жетекші сарапшыларды, тәжірибелі мамандар және пікір қалыптастырушы тұлғаларды біріктіріп, саланың өзекті сын-қатерлерін талқылауға, резонанс тудырған кейстерді талдауға және өңірдегі коммуникациялардың даму бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді.

Бағдарлама аясында мазмұнды панельдік пікірталастар, тәжірибеге бағытталған сессиялар және бүгінгі нарықты қалыптастырып отырған мамандар арасында қызу тәжірибе алмасу қарастырылған.

Халықаралық PR форумы дәстүрлі түрде саланың тоғысатын алаңына айналып келеді: мұнда серіктестіктер қалыптасып, стратегиялар талқыланып, коммуникация бизнесінің болашағына әсер ететін шешімдер қабылданады.

Форум әсіресе мына тұлғалар үшін пайдалы болады:

PR, маркетинг, digital және медиа саласында жұмыс істейтіндерге;

жеке немесе корпоративтік брендін дамытып жүргендерге;

кәсіби позициясын нығайтып, іскерлік байланыстарын кеңейтуді көздейтіндерге;

жаңа идеялар, құралдар мен даму мүмкіндіктерін іздейтіндерге.

Форумға қатысу – өзекті сараптамалық білімге, мықты кәсіби қауымдастыққа және ауқымды нетворкингке қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#форум
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19

Алматының Жетісу ауданында ұзындығы бір шақырымнан асатын аллея көркейтіліп, «Жетісу» саябағы жаңартылды

Бүгін 10:44

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қашан өтеді?

Бүгін 10:11

Сәрсенбі күнгі ауа райы мәліметі

Бүгін 09:05

Президент тапсырмасына сәйкес автожол саласын реформалау жөніндегі үкіметтік жұмыс тобы құрылды

Бүгін 08:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);