AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда World Tennis Бас ассамблеясы өтеді

Алматыда World Tennis Бас ассамблеясы өтеді

Алматы 07.10.2026, 17:55 200
Алматыда World Tennis Бас ассамблеясы өтеді

10–13 қазан аралығында Алматыда World Tennis жыл сайынғы Бас ассамблеясы аясындағы іс-шаралар өтеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Орталық Азияда алғаш рет ұйымдастырылатын жиын ұлттық федерациялардың, халықаралық және құрлықтық теннис ұйымдарының басшылары мен өкілдерін, сала сарапшылары мен серіктестерін біріктіреді.

10–11 қазанда World Tennis Директорлар кеңесінің отырыстары өтеді. 11–13 қазан аралығындағы панельдік отырыстар мен жалпы дауыс беруге әлемнің 137 елінен 262-ден астам делегат қатысады деп күтілуде.

Ассамблеяның Алматыда өтуі халықаралық теннис қауымдастығының Қазақстанға деген жоғары сенімін және World Tennis вице-президенті Болат Өтемұратов басқаратын Қазақстан теннис федерациясының беделі артып келе жатқанын айғақтайды.

Форум Алматыға 137 елдің өкілдеріне қаланың спорттық инфрақұрылымы мен теннис дәстүрлерін таныстыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ ассамблея тәжірибе алмасуға, федерация басшылары арасында тікелей диалог орнатуға және жаңа халықаралық серіктестіктерді дамытуға жағдай жасайды.

Бағдарламаның басты оқиғасы - 13 қазанда өтетін World Tennis Бас ассамблеясының отырысы. Осы күні Қазақстанда әлемдік теннистің алдағы дамуын айқындайтын аса маңызды шешімдер қабылданады.

Бас ассамблея - әлемдік теннистің дамуын талқылауға арналған негізгі алаңдардың бірі. Қатысушылар осы спорт түрінің қолжетімділігін арттыру, балалар мен жасөспірімдер теннисін дамыту, спорттық инфрақұрылымды жетілдіру, жаттықтырушылар мен төрешілерді даярлау, сондай-ақ халықаралық жарыстарды өткізу мәселелерін қарастырады.

Ұлттық федерацияларды қолдау мен халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға ерекше назар аударылады. Делегаттар атқарылған жұмысты қорытындылап, стратегиялық бастамаларды талқылайды және түрлі елдер мен өңірлердегі теннистің дамуына ықпал ететін басым бағыттарды айқындайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#теннис
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19

Алматының Жетісу ауданында ұзындығы бір шақырымнан асатын аллея көркейтіліп, «Жетісу» саябағы жаңартылды

Бүгін 10:44

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қашан өтеді?

Бүгін 10:11

Сәрсенбі күнгі ауа райы мәліметі

Бүгін 09:05

Президент тапсырмасына сәйкес автожол саласын реформалау жөніндегі үкіметтік жұмыс тобы құрылды

Бүгін 08:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);