AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда үшем дүниеге келді

Алматыда үшем дүниеге келді

Әлеумет 26.09.2022, 09:16 1,616
Алматыда үшем дүниеге келді
Сурет: Inform.kz

Өмірге екі қыз, бір ұл бала келді.


Алматыда экстракорпоральды ұрықтандыру арқылы үшем дүниеге келді. Жаркенттен келген жас отбасы екі қыз бен бір ұлдың ата-анасы атанды. Бұл туралы Медициналық сақтандыру қоры Алматы қалалық филиалының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


29 жастағы Гунчигүл жұбайы екеуі - бірнеше жылдан бері бір перзентке зар болған отбасылардың бірі. Айтуынша, мұндай бақытқа кенелем деп ешқашан ойламапты.



«Тұрмыс құрғалы бері 4 жыл бойы бала көтере алмадым. Бармаған жерім, баспаған тауым қалған жоқ. Ем-дом еш нәтиже бермеген соң, ана болудан тіпті күдерімді үзе бастадым», - деп еске алады ол.



Айтуынша, дәрігерлер денсаулығына байланысты оған «бедеулік» деген диагноз қойған. Бірақ жақсылықтан үміт үзбей, білікті дәрігер іздеуді тоқтатпаған.


Сөйтіп Алматыдағы Репродуктивті медицина орталығына келген.



«Сол кезде ЭКО-ны міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру арқылы жасатуға болатынын естіп, қатты қуандым. Себебі ЭКО өте қымбат, оны екінің бірінің қалтасы көтере бермейді. Бұл мен үшін де ақырғы мүмкіндік болды. Сол себепті емханадағы дәрігерге барып кезекке тұрып, қарала бастадым. Әлбетте, мен сияқтылар өте көп, сондықтан кезек күтуге тура келді. Мен шыдамдылық танытып, күттім. Соңында үлкен бақытқа кенелдік. Өмірге екі қыз, бір ұл бала әкелдім», - дейді үшемнің анасы.



Естеріңізге сала кетсек, бағасы қымбат қызметтердің бірі- экстракорпоральды ұрықтандыру 2020 жылдан бері қарай міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру арқылы қаржыландырылып келеді.


2022 жылдың бірінші жартысында осындай 1304 жұп ЭКО жасатқан. Оған сақтандыру есебінен 1,3 млрд теңге бөлінді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Үшем #эко
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17

Бір жарым жыл бойы салмақ қосып жатырмын деп ойладым: Алматыда дәрігерлер әйелге көмектесті

Бүгін 12:05

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19

Алматының Жетісу ауданында ұзындығы бір шақырымнан асатын аллея көркейтіліп, «Жетісу» саябағы жаңартылды

Бүгін 10:44

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қашан өтеді?

Бүгін 10:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);