ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Медицина / Алматыда үш бірдей жүкті әйелдің құрсағына біткен...

Алматыда үш бірдей жүкті әйелдің құрсағына біткен ұрыққа сәтті ота жасалды

Медицина 25.08.2024, 11:45 1,841
Алматыда үш бірдей жүкті әйелдің құрсағына біткен ұрыққа сәтті ота жасалды
Сурет: Денсаулық сақтау министрлігі
Алматыдағы балалар кардиохирургиясы және перинатология орталығында құрсақтағы ұрыққа ота сәтті жүргізілді, бұл туа бітті болатын патологияны түзетуге септік етіп, сәбидің дүниеге дені сау болып...

Алматыдағы балалар кардиохирургиясы және перинатология орталығында құрсақтағы ұрыққа ота сәтті жүргізілді, бұл туа бітті болатын патологияны түзетуге септік етіп, сәбидің дүниеге дені сау болып келу мүмкіндігін арттырады.

Орталық дәрігерлері Минск республикалық ғылыми-тәжірибелік «Ана мен бала» орталығы феталды медицина бөлімшесінің меңгерушісімен бірге Алматы қаласы, Алматы және Ақмола облыстарынан келген үш жүкті әйелге ота жасады, деп хабарлайды aqshamnews.kz. Kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап. 

Отаны жасау аясында мына жұмыстар атқарылды:
- Фето-фетальды трансфузия синдромынан (ФФТС) асқынатын көпұрықты жүктілік кезіндегі баланың жолдасы анастомозының лазерлі коагуляциясы. Бұл әдіс ұрықтар арасындағы тамырлардың патологиялық бірігуін жоюға септік етіп, соның арқасында қатты асқынудың алдын алады және егіздердің екеуінің де өмірін сақтайды.
- Шарана сұйықтығы патологиясы болған жағдайдағы амниоредукция және амниоинфузия. Бұл процедуралар ұрықтың дамуына қолайлы жағдай туғыза және асқыну қаупін азайта отырып шарана сұйықтығы мөлшерін реттеуге көмектеседі.
- Ұрықтың бүйрек патологиясы болғанда қуықты дренаждау. Бұл ота ұрықтың несеп айдау жүйесінің дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етеді және оның дұрыс даму мүмкіндігін жақсарта отырып бүйрек жетіспеушілігі асқынуының алдын алады.

Барлық оталар сәтті жасалды, науқастардың жағдайы дәл қазіргі сәтте тұрақты. Олардың жүктілік кезіндегі денсаулығын мамандар ұдайы бақылап, ұрықтың одан әрі дұрыс дамуын қамтамасыз етуде.

Бұл оталарды жасау денсаулық сақтау министрлігінің «Фетальды медицина» жобасының арқасында мүмкін болды. Енді қазақстандық әйелдер әлемдік стандарттарға сай келетін жоғары технологиялы көмекті алып, дүниеге дені сау бала әкелу мүмкіндігін айтарлықтай арттырады. Аталған жоба озық медициналық технологияларға қолжетімділікті ұлғайтуға және Қазақстандағы жүкті әйелдердің босанар алдындағы көмек деңгейін жақсартуға бағытталған, ол болашақ аналарға баласының денсаулығын өмірінің басынан бастап сақтауына мүмкіндік береді.

 
Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,429 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.