Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда «Ұлы Жібек Жолымен – 2022» кітап жәрмеңке...

Алматыда «Ұлы Жібек Жолымен – 2022» кітап жәрмеңкесі ашылды

Әлеумет 23.11.2022, 12:20 1,549
Алматыда «Ұлы Жібек Жолымен – 2022» кітап жәрмеңкесі ашылды
Сурет: Ашық дереккөз

2020-2022 жылдар аралығында жарыққа шыққан кітаптар арасындағы байқаудың жеңімпаздары марапатталды


Алматы қаласындағы «Атакент» Қазақстан іскерлік ынтымақтастық орталығында ҚР мәдениет және спорт Министрлігінің қолдауымен  «Атакент-Экспо» Халықаралық көрме компаниясы мен ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы, Қазақстанның баспагерлер, полиграфисттер және кітап таратушылар қауымдастығымен бірлескен «Ұлы Жібек Жолымен–2022» Х Халықаралық кітап және полиграфия жәрмеңкесі ашылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Қарашаның 23-25 аралығында  өтетін  «Ұлы Жібек Жолымен–2022» көрмесі – жәрмеңкеге қатысушы  баспагерлер, кітап таратушылар және полиграфисттер қызметінің, Алматы қаласының қонақтары мен тұрғындарының мәдени өміріндегі айшықты оқиға саналады. 
 Көрменің негізгі мақсаттарының бірі – Қазақстандағы заманауи кітаптарды кеңінен таратуға қол ұшын беру, отандық кітап ісі саласын нығайту, баспа жұмысының субъектілері арасында тәжірибемен алмасу, отандық кітап нарығында ұлттық өндірушілердің орнын нығайту болып табылады, сонымен қатар көптеген елдердің баспагерлік, полиграфиялық және кітапсатушы компаниялардың арасында мәдени және іскерлік байланыстарды ұлғайту,  елдер мен серіктес компаниялар арасындағы байланыстардың әріқарай дамыту, полиграфия, кітапсату және кітап өндірісіне ең соңғы технологиялар еңгізу және т.б.



Көрмеде Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінің жетекші баспалары, полиграфиялық компаниялары мен кітапханалары, сондай-ақ, Иран Ислам Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығының Мәдени өкілдігі кітапханалық және баспа-полиграфиялық салаларының болашағы мен өзекті мәселелерін талқылауға, іскерлік және кәсіби байланыстарды кеңейтуге және тәжірибе алмасуға жиналды. 


«Ұлы Жібек Жолымен–2022»  X Халықаралық кітап және полиграфиялық көрме бағдарламасында кітап нарығының мамандарына – баспагерлерге, кітапсатушыларға, әдеби агенттіктеріне, полиграфиялық компанияларға арналған семинарлар, дөңгелек үстелдер енгізілген:   
-  Bookfund.kz кітаптардың ақпараттық-анықтамалық жүйесінің таныстырылымы;
- «Нарықтағы кітап ісі: бүгін мен болашақ» атты еліміздің барлық өңірінен келген баспагерлердің кездесуі;
- «Кітап ісі нарығында шетелдік баспа мекемелерімен тәжірибе алмасу» атты дөңгелек үстел; 
- Жазушы Гузель Яхинамен шығармашылық кездесу, қолтаңба беру рәсімі. 



Сондай-ақ, қазақстандық белгілі қаламгерлер және жас авторлармен кездесулер, жаңадан шыққан кітаптардың таныстырылымы, түрлі концерттік қойылымдар мен жыр кештері ұйымдастырылады. «Балалар жылы» аясында жеткіншектердің шығармашылығын қолдауға арналған әдеби ойындар мен жұмбақтар, өлең оқу және т.б. балалар бағдарламасы әзірленген.


Сонымен қатар, көрме аясында 2020-2022 жылдар аралығында жарыққа шыққан кітаптар арасындағы байқаудың жеңімпаздары марапатталды. Бұл байқау алты номинация бойынша, яғни, «Жыл кітабы», «Үздік көркем басылым», «Үздік оқулық», «Балалар мен жасөспірімдерге арналған үздік көркем және танымдық басылым»,  «Үздік фотоальбом», «Үздік полиграфиялық орындау» номинациясы бойынша жеңімпаздар анықталады. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ұлы Жібек Жолымен #кітап
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.