Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда «Ұлттық ономастика: Ізденіс пен тәжірибе»...

Алматыда «Ұлттық ономастика: Ізденіс пен тәжірибе» атты республикалық семинары өтті

Әлеумет 29.09.2024, 09:45 1,381
Алматыда «Ұлттық ономастика: Ізденіс пен тәжірибе» атты республикалық семинары өтті
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

2024 жылғы 27 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Алматы қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Алматы қаласы ”Достық үйінде” «Ұлттық ономастика: Ізденіс пен тәжірибе» атты республикалық семинар  өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Іс-шараның мақсаты – еліміздегі ұлттық ономастика саласындағы өзекті мәселелерді талқылау және осы бағыттағы өңірлердің қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Семинар жұмысына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, тиісті орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың басшылары, Республикалық және Алматы қаласы ономастика комиссияларының мүшелері қатысты. Іс-шараға еліміздің барлық өңірлерінен ономастика мәселесіне жауапты лауазымды тұлғалар келді. Сонымен қатар семинарға қоғамдық ұйымдардың жетекшілері мен зиялы қауым өкілдері  де шақырылды.

Күн тәртібінде өзектендірілген «Тарихи тұлғалар», «Жер-су атаулары» және «Дәстүрлі атаулар» тізімдері және өзгерістер мен толықтырулар енгізілген «Қазақстан Республикасындағы ономастикалық жұмыстарды ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар», өңірлердегі ономастикалық ахуал, атаулары идеологиялық тұрғыдан ескірген елді мекендер мен олардың құрамдас бөліктерін қайта атау жөніндегі 2022-2025 жылдарға арналған жол картасының іске асырылуы және тағы да басқа маңызды мәселелер қаралды.

Сонымен бірге семинарда елді мекендердің және олардың құрамдас бөліктерінің байырғы тарихи атауларын ғылыми зерттеу мәселелері, сондай-ақ халық арасында ономастика саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру жұмыстарын жүргізуге бағытталған іс-шаралар да талқыланды.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ономастика #Семинар #талқы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33

Үш жеңіс: алматылық жас инженерлер Central Asia FIRST Championship 2026 чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті

Бүгін 09:11

Таразда белгісіз ер адамдар 13 жастағы қызды ұрлап әкетпек болған

Бүгін 09:07

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.